Массагеттіктерді Еуропада өтіп жатқан Чемпиондар Лигасының жаңалықтарынан құлағдар етпекпіз. Кеше, яғни 28 наурыз күні 2 ширек финалдық ойынның өткендігі туралы білесіз. Бірі Милан мен Барселона арасындағы матч болса, бірі Олимпик пен Баварияның текетіресі. Бұл мақалада Милан мен Барселона арасындағы ойынға талдау жасап, ойынның жалпы ауанын назарларыңыздан өткіземіз.
Милан - Барселона (0:0)
Ойын бастала салысымен, Миландықтар бірден шабуылға көшіп, өздерінің басымдылықтарын көрсетуге тырысты. Сол қарқынның соңы Робиньоның 11 метрлік қашықтықтың аймағынан соққы бағыттауымен аяқталды.
Қонақтар болса, дайындықтарының біршама тәуір деңгейде екендігін көрсетіп, қарсы тұра білді. Ойынның 15-минутына дейін, Барселоналықтар 2 қауіпті айып соққысына ие болып, Миландықтарды біршама састырды. Алғашқы шабуыл Алексис Санчестің бағын жандыруға шақ қалған еді. Екінші болып Лионель Месси шеберлік көрсетіп, гол соғудың шақ алдында тұрды. Тіпті доп сызықтан өтіп, қақпаның ішінде болып үлгерген еді. Бірақ төрешінің дер кезінде оффсайтты байқап, белгі бергендігінің арқасында, гол есептелген жоқ. Кейін Златан Ибрагимович пен Виктор Вальдес бірге-бір қалып ел жұртты алаңдатты. Дегенмен шведтік Форвард испандықтан айласын асыра білді.
Екінші таймның қарқыны алғашқыдай болмады. Ойында ереже бұзушылық пен дөрекі текетірестер көп болды.
Ойынның соңында Барселона құрамасынан алаңға Тельо шығып, есепті ашуға мол мүмкіндік алған еді. Бос тұрған қақпаға гол соғуына Лука Антонинидің дер кезіндегі әрекеті тосқауыл болды.
Жауаптық матч бір аптадан соң, "Камп Ноуда" ойналады.
"Милан": Аббьяти, Бонера, Мексес, Неста (Месба, 74), Антонини, Ночерино, Амброзини, Зеедорф, Боатенг (Эмануэльсон, 67), Ибрахимович, Робиньо (Эль Шаарави, 52)
"Барселона": Вальдес, Дани Алвеш, Пике, Маскерано, Пуйоль, Бускетс, Хави, Кейта, Алексис Санчес (Педро, 77), Месси, Иньеста (Тельо, 65)
Ескертулер: Зеедорф, Неста, Амброзини - Кейта
сурет: online-goal.com