Бүгін футболдан Еуропаның басты бәсекелерінің бірі – Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі бесінші кездесулер өтеді. Назарларыңызға кездесулер алдындағы шолуымызды ұсынамыз.
«ЦСКА» тағы сенсация жасай ма?
«Е» тобындағы жағдай шиеленісіп тұр. Мюнхендік «Бавария» төрт ойыннан кейін-ақ плей-офф мәселесін шешіп тастаса, екінші жолдамаға талас қызу болмақ. О баста бұл топтың фавориттерінің бірі саналған ағылшындық «Манчестер Сити» топтан шыға алмай қалуы да мүмкін. Ал бүгін Мәскеуде «Романы» қабылдайтын «ЦСКА» сенсация жасап, жеңіске жетіп жатса топтан шығуға нықтап бір қадам жасайтын болады. Римдік клуб та өз мүмкіндіктерін жібергісі келмейтіні белгілі. Бірінші ойында италиялық ұжым 5:1 есебімен жеңіске жеткен еді.
«Манчестер Ситидің» соңғы мүмкіндігі
Бүгін өз алаңында азулы «Баварияны» қабылдайтын Мануэль Пеллегрини командасы тең ойнап, немесе ұтылып жатса топтан шығу жағдайы мүлде қиындамақ. Ағылшындық клубтың тілейтіні де – Мәскеудегі кездесудің тең аяқталғаны. Сонда ғана «Манчестер Ситидің» топтан шығуына аз да болса мүмкіндік туады. Мюнхендік клуб сапынан ойынға Мартинес, Лам, Алаба, Алькантара, Писарро, Бадштубер, Штарк және Рейна қатыса алмаса, алаң иелері қатарынан Фернандиньо, Туре, Сильва, Коларов және Джеко өнер көрсетпейді.
"E" тобы Ойын Жеңіс Тең Жеңіліс Голдар Ұпай 1.«Порту» бүгін топтан шығу мәселесін шешеді
Чемпиондар лигасында Беларусь елінің намыс қорғап жатқан «БАТЭ» бүгін өз алаңында «Н» тобының көшін бастап тұрған «Портуды» қабылдайды. Ойындағы сөзсіз фаворит португалдық клуб екені анық. Десе де алаң иелері өз мүмкіндіктерін пайдалануға тырыспақ. Өйткені, жеңіске жетіп жатса, Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне өтуіне зор мүмкіндік бар.
«Атлетик» Еуропа лигасынан да үміт үзе ме?
Донецкілік «Шахтер» Львовта билбаолық «Атлетикпен» кездесу өткізеді. Алаң иелері жеңіске жетіп жатса, бұл топтағы Чемпиондар лигасының плей-офф жолдамасы түбегейлі шешілетін болады. Егер «БАТЭ» «Портудан» жеңілсе, испандық ұжымға Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне өтуге мүмкіндік туады.
"H" тобы Ойын Жеңіс Тең Жеңіліс Голдар Ұпай 1.Ди Маттео бұрынғы командасының қарымын байқайды
Осыдан екі жыл бұрын «Челси» тізгінін ұстап, Чемпиондар лигасын жеңіп алған Роберто ди Маттео бүгін «Шальке» командасын бастап шығады. «G» тобында жолдама иеленген команда әлі белгілі болған жоқ. Егер бүгін түнде «ақсүйектер» гельзенкирхендік ұжымды жеңіп жатса, плей-оффқа жолдама алады. Бұл маусымда ойыны келіспей жүрген «Шальке» ұпай жоғалтар болса, лиссабондық «Спортингті» алға шығарып алуы мүмкін.
«Марибор» мықты ма, «Спортинг» па?
Бұл екі ұжым арасындағы бірінші ойында 1:1 есебі тіркелген. Әсіресе, словакиялық команда осыған дейінгі төрт ойынының үшеуін тең аяқтаған. Қорғаныста жатып, қарымта шабуылды басты назарда ұстайтын ұжымдар қатарынан. Десе де лиссабондық клуб та осы маусымда сәтті өнер көрсетіп жүр. «Қызыл сойқандардан» жалға алған Нани команданы алға сүйреп жүр десек қателеспейміз. Бүгінгі үш ұпай маңызды екенін білетін алаң иелері де аянып қалмасы анық. Футбол сарапшылары «Спортингтің» жеңіске жететініне сеніммен қарауда.
"G" тобы Ойын Жеңіс Тең Жеңіліс Голдар Ұпай 1.«Аякс» Еуропа лигасының жолдамасына таласады
«F» тобында Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан екі ұжым анықталып қойған. Олар: «Барселона» мен «ПСЖ». Ал Еуропа лигасына берілер бір жолдама иегері белгісіз. «Аякс» әлде «АПОЭЛ»... Бүгін Парижде «ПСЖ» командасымен кездесетін амстердамдық ұжым ұпай еншілеуге ұмтылмақ. Спорт сарапшылары бұл кездесуде тең есеп тіркелуі мүмкін деп болжауда. Өйткені, алаң иелері үшін ойынның маңызы аса жоғары емес.
Месси Рауль рекордын жаңартуға жақын
«Барселона» бүгін Кипрде кездесу өткізеді. Топтан шығу жолдамасын иеленіп қойған каталондықтар тағы бір рекордтың жаңарғанын қалайды. Бүгін Лионель Месси «АПОЭЛ» командасына қарсы ойында бір гол соқса, Чемпиондар лигасы тарихындағы ең үздік сұрмерген атанатын болады. Қазіргі таңда бұрынғы «Реал» ойыншысы Рауль мен Месси еншісінде 71 голдан бар. Аргентиналық сұрмерген бұл жетістікке Чемпиондар лигасындағы 90 ойында қол жеткізсе, Раульге 71 гол соғу 142 ойыннан бұйырған. Сонымен қатар, Мессиді өкшелеп келе жатқан Роналду да бар. Португалдық ойыншы 107 ойыннан 70 гол соққан. «Реал» ертең ойын өткізеді.
Айта кетейік, Лионель Месси Испания чемпионатының ХІІ тур ойындарында әйгілі Тельмо Сарра рекордын жаңартып, Ла-лига тарихындағы үздік сұрмерген атанған болатын.
"F" тобы Ойын Жеңіс Тең Жеңіліс Голдар Ұпай 1.«ЦСКА» - «Рома», «БАТЭ» - «Порту» кездесулері Астана уақытымен сағат 23:00-де басталса, өзге ойындар ысқырығы түнгі 01:45-те шалынады.
Сурет: eurosport.ru, AFP