- Негізгі бет
- Маккала
- "Челси" – "ПСЖ"...
"Челси" – "ПСЖ" кездесуі алдында
Бүгін түнде Чемпиондар Лигасының ширек финалдық кездесулері өтеді. Лондондық "Челси" "Стэмфорд Бриджде" француздың "ПСЖ" командасын қабылдайды.
Бірінші ойынның қорытындысы бойынша, француздар жартылай финалға шығуға бір табан жақын тұр. Француздар тең есеппен ойнап, аз есеппен ұтылып қалған күннің өзінде, келесі кезеңге шыға алмақ. Бір айта кетерлігі, "Челси" командасы сапынан Самюэль Это”О жарақатына байланысты бірінші минуттардан ойынға қатыспауы мүмкін. Бірақ, қажет болып жатса, командаға көмектесетінін Жозе Моуринью жасырмады.
Демалыс күндері қос клуб та өз ішкі біріншіліктерінде кездесулер өткізді. "Челси" "Сток Ситиді" тізерлетсе (Мохамед Салах, Фрэнк Лэмпард пен Виллиан көзге түсті), "ПСЖ" ірі есеппен "Реймс" командасын жеңе алды. Дегенмен, париждік команданың шабуыл шебі сәл осалданып тұрған сыңайлы. Команданың үздік сұрмергені Златан Ибрагимович бірінші кездесуде жарақат алып қалғанына байланысты бүгін алаңға мүлдем шықпауы мүмкін.
– Өткен аптадағы жолығысудан бөлек, командалар 2004/2005 маусымда екі мәрте кездескен. Сол уақытта, топтық кездесуде "Челси" қонақта Дидье Дрогбаның қос голы мен Джон Терридің бір добы арқасында (3:0) жеңіске жеткен, қарымта ойында есеп ашылмаған.
– Парижде өткен сол матч (3:0) Жозе Моуриньюдің Чемпиондар Лигасындағы мансап жолында бірінші ойыны болатын ("Челси" тізгінінде).
– Француздарға қарсы соңғы екі үй ойынында "Челси" жеңіске жеткен.
– "ПСЖ" ағылшын командаларына қарсы сырт алаңда өткен соңғы төрт ойында қақпадан саңылау таба алмаған.
– Жозе Моуринью Чемпиондар Лигасының жартылай финалына сегіз маусымда шыққалы отырған бірінші бас бапкер атанбақ. Қазіргі уақытта Жозе мен Алекс Фергюсон ЧЛ-да жеті жартылай финалмен рекордты өзара бөліске салуда.
– Париждіктер Чемпиондар Лигасының соңғы 17 ойынында ең аз дегенде бір голдан соғып отырыпты. Тек "Реал" ғана 34 ойын қатарымен "ПСЖ"-ны басып озуда. Сонымен бірге, "карольдік клуб" Чемпиондар Лигасының осы маусымында Лоран Блан командасынан соғылған гол санынан да басым тұр: 32 - 25.
"Челси" сапынан ойыннан шеттетілгеніне байланысты Рамирес алаңға шыға алмайды. "Бенфика" тізіміне іліккені үшін Неманья Матич Чемпиондар Лигасына қатыса алмайды. "Базельден" сатып алынған Мохаммед Салах та командасына көмектеспейді. Марко ван Гинкелдің денсаулығына байланысты қатысу-қатыспауы көп күмәнді. "ПСЖ" сапынан, жоғарыда айтып өткеніміздей, Златан Ибрагимович жарақатына байланысты өз командаластарына көмектесе алмайды.
«ПСЖ»: Чех, Иванович, Кэхилл, Терри, Аспиликуэта, Давид Луис, Оскар, Виллиан, Азар, Шюррле, Торрес.
«Челси»: Сиригу, ван дер Вил, Тьяго Силва, Алекс Диас, Максвелл, Тиагу Мотта, Матюйди, Верратти, Лавесси, Лукас Моура, Кавани.
Жозе Моуринью, «Челсидің» бас бапкері:
"Мен сенемін, менің командам сенеді. Менің қоржынымда финалдық екі жеңіс бар. Екі жолы жартылай финалда жеңіліс таптым, ал осы бөлікте, шешуші матчқа бір қадам қалғанда есе жіберу әр уақытта ұнамсыз. Бізге жанкүйерлердің қызу қолдауы қажет, бірақ, мұны басқалай жеткізуге де болады - егер команда барынша жақсы ойнамаса, оларға команданы қолдау өте қиынға соғады. Егер біз басынан бастап жартылай финалға өтуге жігерлі екенімізді танытар болсақ, жанкүйерлер жанымыздан табылар".
Лоран Блан, «ПСЖ» клубының бас бапкері:
"Бірінші ойында "Челсидің" сауатты қорғана алатынына көзіміз жетті. Төрт бірдей қорғаушының айып алаңының сыртынан күтіп алатынын көрдік. Бұл қарсыласқа қос бөліктен шабуылдауға мүмкіндік береді, өз кезегінде, Эсекиэл Лавессиге қолайлы. Ол өте жылдам ойыншы және бұрыш қапталда еркіндікті жаны сүйеді. Бірінші ойында "Челсиге" қиындықтар келтірдік, бірақ ендігі таңда олар өткендегіден жоғары ойнайтын болар. Егер осылай болар болса, онда Лавесси мен өзге де шабуылдаушы футболшыларға жүріп-тұруға көп кеңістік ашылады деген сөз".
Бірінші ойыннан
Автор: Әкежан Дәкен
сурет: worldticket.biz; eurosport.ru
Л. Лига