- Негізгі бет
- Маккала
- Челси Барселонадан 2009...
Челси Барселонадан 2009 жылғы есесін қайтара ма?
2009 жылғы ағылшындық «Челси» мен испандық «Барселона» футбол командаралы арасындағы ойын есіңізде ме?
Том Хеннинг Эвребе төрешілік жасаған қос команда арасындағы ойын өте маңызды ойын еді. Себебі бұл Чемпиондар Лигасындағы жартылай финал. Есеп 1:1 аяқталып, финалға испандық «Барселона» командасы жолдама алған болатын. Бірақ ойын барысындағы кеткен қателіктерді көз көріп отырған көрермен кешірмесі анық. Қанша жерден шалса да, құлатса да Барселона командасы ескерту алмай ойынды жалғастыра берді. Тіпті он бір метрлік айып добын да алуы керек болған «Челси» осы ойында түсініксіз жағдайға тап болды деуге де болады.
Сол кездегі қателікке байланысты төреші Том Хеннинг Эвребе былай деп сұқбат берген:
«Менің жүйкеме байланысты ешқандай сыр беру болған жоқ. Тек мен бірнеше қателік жібердім. Мен өте ыңғайсыз бағытты таңдадым. Мұндай жағдай болып тұрады. Бұл өте маңызды ойын еді және сол күні бір нәрсенің дұрыс болмағанын түсіндім.
«Челси» мені 6-7 он бір метрлік айып добын орындатпады деп айыптады. Меніңше, бұл дұрыс емес. Мұндай сандар болған жоқ. Мен басқа төрешілермен келісе отырып, бәрінің дұрыс екеніне көз жеткіздім және жұмысымды жалғастыра бердім. Қанша дегенмен мен тәжірибелі төрешімін.
Осы ойыннан кейін телефонға тыным болған. Түрлі SMS-хабарламалар келді. Ондағы мәтінде: «Саған Барселона ақша төледі ме?» деп те келді. Ашығын айтайын маған ешкім және испандық командада көк тиын берген жоқ».
2018 жылдың Чемпиондар Лигасындағы бақ таласта жеребе тартылып, қос команда өзара қайта кездесу бұйырды. Ақпанның 20 күні Астана уақытымен түнгі 1:45-те басталатын ойынға ағылшын ойыншылары дайын ба? Оны ойын көрсетеді. Дегенмен қателік тағы да орын алмас үшін қырағы жанкүйер осы жолы бей-жай қарап отырмасы да анық.
43 мың адамға арналған Стэмфорд Бридж стадионы дәл осы күні тарихи ойынның куәгері болуы да мүмкін. Қандай жағдай болмасын бұл ойын, бұл футбол.
Сізге кімге жанкүйерсіз?
М. Ақан