Чехия легионерлері "Барыспен" қош айтысты

Чехия легионерлері "Барыспен" қош айтысты

Бұдан былай қазақстандық "Барыс" хоккей командасында чехиялық спортшылар өнер көрсетпейтін болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бүгін Астанадағы "Денсаулық үйінде" аталған команда медициналық тексеруден өтті. Бірақ "Барыс" құрамындағы чехиялық спортшылар тексеруге келген жоқ. Аталған спортшылар ресми түрде командадан кететіндігін мәлім етпегендігін айта кетелік.

в

"Барыс" командасы медициналық тексеруден өтуде

Осы орайда "Барыстың" шабуылшысы Роман Старченко: "Жұрттың бәрі осы жағдайдың анық-қанығын сұрап жатыр. Мен бұл туралы ештеңе білмеймін. Командамыздан олардың кеткендігін кеше ғана білдім. Дегенмен бұдан бізге айтарлықтай зиян келеді деп ойламаймын. Елімізде шебер хоккейшілер көп. Енді оларға бақтарын сынап көруге мүмкіндік пайда болды", - деді.

ыв

ыв

"Барыс" командасы медициналық тексеруден өтуде

Естеріңізге сала кетелік, чехиялық Лукаш Кашпар мен Иржи Новотны Барыстың құрамында екі маусым өнер көрсетті. Кашпар осы уақытқа дейін 114 ойын өткізіп, 40 шайбаның авторы атанды. Ал Новотны 155 матчта 34 голдың авторы атанды. Камил Крепс отандастарына соңғы маусымда қосылды. Ол ұзын саны 58 ойын өткізіп, 10 рет мергендігімен көзге түсті.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

суреттер: frsk.kz, ОкасовДаниал Окасов©