- Негізгі бет
- Маккала
- Бразилияға барар жол......
Бразилияға барар жол... (видео)
Кеше футболдан 2014 жылы Бразилияда өтетін Әлем чемпионаты іріктеу кезеңінің кезекті кездесулері аяқталды. Еуропадағы іріктеу кезеңінде көптеген командалар «мундиальға» жолдаманы шешіп қойған болатын. Кеше солардың қатарына тағы да бірнеше ұлттық құрамалар қосылды. Олар қандай құрамалар?
«А» тобы
«А» тобының тағдыры шешілді деп толық айта аламыз. Бұл топта талантты футболшыларымен әлемнің таңдайын қақтырып жүрген Бельгия ұлттық құрамасы қарсыластарына дес бермей Бразилияға барар жолдаманы қанжығаларына байлады. Бұл кеше хорваттарды сырт алаңда 1:2 есебімен жеңгеннен кейін белгілі болды. Ал топта екінші орын – Хорватияға бұйырды. Енді команда 4 жолдаманың біріне таласып көретін болады.
"A" тобы | Ойын | Жеңіс | Тең | Жеңіліс | Голдар | Ұпай | |||
1. | Бельгия | 9 | 8 | 1 | 0 | 17:3 | 25 | ||
2. | Хорватия | 9 | 5 | 2 | 2 | 12:7 | 17 | ||
3. | Сербия | 9 | 3 | 2 | 4 | 13:10 | 11 | ||
4. | Уэльс | 9 | 3 | 0 | 6 | 8:19 | 9 | ||
5. | Шотландия | 9 | 2 | 2 | 5 | 6:12 | 8 | ||
6. | Македония | 9 | 2 | 1 | 6 | 6:11 | 7 |
«В» тобы
Бұл топта Италия құрамасы жолдаманы иеленіп қойған болатын. Сондықтан кеше Даниямен болған кездесуге негізгі құрамын шығармады. Ал екінші орын үшін талас бұл топта қыза түсті. Болгария мен Дания құрамасында 13 ұпайдан болса, Чехия мен Арменияда 12 ұпайдан бар. 15 қазан күні Болгария – Чехия, Италия – Армения және Дания - Мальта кездесулері өтеді. Даттардың екінші орын алуға мүмкіндігі молдау.
"B" тобы | Ойын | Жеңіс | Тең | Жеңіліс | Голдар | Ұпай | |||
1. | Италия | 9 | 6 | 3 | 0 | 17:7 | 21 | ||
2. | Болгария | 9 | 3 | 4 | 2 | 14:8 | 13 | ||
3. | Дания | 9 | 3 | 4 | 2 | 11:12 | 13 | ||
4. | Чехия | 9 | 3 | 3 | 3 | 12:9 | 12 | ||
5. | Армения | 9 | 4 | 0 | 5 | 10:11 | 12 | ||
6. | Мальта | 9 | 1 | 0 | 8 | 5:22 | 3 |
«С» тобы
Қазақстан құрамасы өнер көрсеткен топтың фавориттері өз дегендеріне жетті. Германия Әлем чемпионатына тікелей жолдама алса, Швеция 4 жолдаманың біріне таласатын болады.
"C" тобы | Ойын | Жеңіс | Тең | Жеңіліс | Голдар | Ұпай | |||
1. | Германия | 9 | 8 | 1 | 0 | 31:7 | 25 | ||
2. | Швеция | 9 | 6 | 2 | 1 | 16:9 | 20 | ||
3. | Австрия | 9 | 4 | 2 | 3 | 17:10 | 14 | ||
4. | Ирландия | 9 | 3 | 2 | 4 | 13:16 | 11 | ||
5. | Қазақстан | 9 | 1 | 2 | 6 | 5:18 | 5 | ||
6. | Фарер аралдары | 9 | 0 | 1 | 8 | 4:26 | 1 |
«D» тобы
Бұл топта осыған дейін жолдаманы Нидерланды құрамасы иеленіп қойған болатын. Команда бір-ақ рет тең кездесу өткізді. Ал кеше Венгрияны 8:1 есебімен ойсырата жеңді. Енді бұл топта да екінші орын үшін тартыс жалғаспақ. Түркия, Румыния және Венгрия құрамаларының тағдыры 15 қазанда шешіледі. Түріктерге мүмкіндік аздау секілді. Өйткені олар Нидерландымен жолығады. Румыния – Эстония, Венгрия – Мальтамен соңғы 3 ұпайды сарапқа салатын болады.
"D" тобы | Ойын | Жеңіс | Тең | Жеңіліс | Голдар | Ұпай | |||
1. | Нидерланды | 9 | 8 | 1 | 0 | 32:5 | 25 | ||
2. | Турция | 9 | 5 | 1 | 3 | 16:7 | 16 | ||
3. | Румыния | 9 | 5 | 1 | 3 | 17:12 | 16 | ||
4. | Венгрия | 9 | 4 | 2 | 3 | 19:20 | 14 | ||
5. | Эстония | 9 | 2 | 1 | 6 | 6:18 | 7 | ||
6. | Андорра | 9 | 0 | 0 | 9 | 0:28 | 0 |
«Е» тобы
Кеше Албанияны өз алаңында тізе бүктірген Швейцария Бразилияға барар жолдаманы жеңіп алды. Екінші орын үшін талас Исландия мен Словения ұлттық құрамалары арасында өрбімек.
"E" тобы | Ойын | Жеңіс | Тең | Жеңіліс | Голдар | Ұпай | |||
1. | Швейцария | 9 | 6 | 3 | 0 | 16:6 | 21 | ||
2. | Исландия | 9 | 5 | 1 | 3 | 16:14 | 16 | ||
3. | Словения | 9 | 5 | 0 | 4 | 14:10 | 15 | ||
4. | Норвегия | 9 | 3 | 2 | 4 | 9:12 | 11 | ||
5. | Албания | 9 | 3 | 1 | 5 | 9:11 | 10 | ||
6. | Кипр | 9 | 1 | 1 | 7 | 4:15 | 4 |
«F» тобы
Жолдамаға тартыс осы топта тартысты болуда. Алайда кеше Португалия Израилмен тең түскеннен кейін Ресей ұлттық құрамасы жолдаманы қанжығасына байлап-ақ тұр десек болады. Өйткені келесі кездесуін ресейліктер сырт алаңда Әзірбайжан құрамасымен өткізеді. Командаға тең кездесу де жетіп жатыр.
"F" тобы | Ойын | Жеңіс | Тең | Жеңіліс | Голдар | Ұпай | |||
1. | Ресей | 9 | 7 | 0 | 2 | 19:4 | 21 | ||
2. | Португалия | 9 | 5 | 3 | 1 | 17:9 | 18 | ||
3. | Израиль | 9 | 3 | 4 | 2 | 18:13 | 13 | ||
4. | Әзірбайжан | 9 | 1 | 5 | 3 | 6:10 | 8 | ||
5. | Солтүстік Ирландия | 9 | 1 | 3 | 5 | 8:16 | 6 | ||
6. | Люксембург | 9 | 1 | 3 | 5 | 7:23 | 6 |
«G» тобы
Бұл топтан жолдама иесі әлі анықталмады. Босния және Герцеговина мен Грекия құрамаларының еншісінде 22 ұпайдан бар. 15 қазан күнгі командалардың кездесулері біріне жолдама сыйласа, біріне жолдама жолындағы тағы да бір тартысты кездесу сыйламақ.
"G" тобы | Ойын | Жеңіс | Тең | Жеңіліс | Голдар | Ұпай | |||
1. | Босния және Герцеговина | 9 | 7 | 1 | 1 | 29:6 | 22 | ||
2. | Грекия | 9 | 7 | 1 | 1 | 10:4 | 22 | ||
3. | Словакия | 9 | 3 | 3 | 3 | 9:8 | 12 | ||
4. | Литва | 9 | 3 | 2 | 4 | 9:10 | 11 | ||
5. | Латвия | 9 | 2 | 1 | 6 | 8:18 | 7 | ||
6. | Лихтенштейн | 9 | 0 | 2 | 7 | 4:23 | 2 |
«Н» тобы
Бұл топта жолдаманы иелену соңғы кездесулерде шешілетін болды. Әзірге Рой Ходжсон командасы көш бастап келеді. Украинаның Сан-Мариномен кездесетінін ескерер болсақ, келесі кездесуін Польшаға қарсы өткізетін командаға жеңіс ауадай қажет-ақ. Не де болса «Н» тобының мықтысын 15 қазанда анықтайтын боламыз.
«І» тобы
Өзге топтарда 6 команда болса, бұл топта 5 команда ғана бар. Топты қазіргі Әлем және Еуропа чемпионы Испания құрамасы бастап келеді. Жолдамаға бір табан да жақын. Ал Франция 4 жолдаманың біріне таласатын секілді.
"I" тобы | Ойын | Жеңіс | Тең | Жеңіліс | Голдар | Ұпай | |||
1. | Испания | 7 | 5 | 2 | 0 | 12:3 | 17 | ||
2. | Франция | 7 | 4 | 2 | 1 | 12:6 | 14 | ||
3. | Финляндия | 7 | 2 | 3 | 2 | 5:6 | 9 | ||
4. | Грузия | 7 | 1 | 2 | 4 | 3:8 | 5 | ||
5. | Беларусь | 8 | 1 | 1 | 6 | 7:16 | 4 |
Сонымен Еуропадағы 9 топтан 5 команда (Нидерланды, Италия, Бельгия, Германия, Швейцария) 2014 жылы Бразилияда өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды. Ал қалған 4 жолдама иесі 15 қазанда белгілі болса, екінші орын алған командалар үшін тағы 4 жолдама тартысы өтетін болады.
Аргентина құрамасы Әлем чемпионатында жолдама алған бірінші (бразилиялықтарды есепке алмағанда) оңтүстікамерикалық команда болды. Олар осы кездесудің алдында-ақ бұл межені бағындырған болатын. Енді бұл қатарға Колумбия құрамасы қосылды. Олар кеше өз алаңында Чилиден 0:3 есебімен жеңіліп тұрып, екінші таймда есепті теңестіріп, Бразилияға жолдаманы жеңіп алды.
Жалпы Оңтүстік Америкадан төрт команда шығады, ал бесінші құрама команда Азиядағы Иордания құрамасымен жолдамаға таласады.
Командалар | Ойын | Жеңіс | Тең | Жеңіліс | Голдар | +- | Ұпай | |||
1. | Аргентина | 15 | 9 | 5 | 1 | 33:12 | +21 | 32 | ||
2. | Колумбия | 15 | 8 | 3 | 4 | 25:12 | +13 | 27 | ||
3. | Эквадор | 15 | 7 | 4 | 4 | 19:14 | +5 | 25 | ||
4. | Чили | 15 | 8 | 1 | 6 | 27:24 | +3 | 25 | ||
5. | Уругвай | 15 | 6 | 4 | 5 | 22:23 | -1 | 22 | ||
6. | Венесуэла | 16 | 5 | 5 | 6 | 14:20 | -6 | 20 | ||
7. | Перу | 15 | 4 | 2 | 9 | 16:25 | -9 | 14 | ||
8. | Парагвай | 15 | 3 | 3 | 9 | 16:29 | -13 | 12 | ||
9. | Боливия | 15 | 2 | 5 | 8 | 16:29 | -13 | 11 |
CONCACAF (Солтүстік және Орталық Америка мен Кариб бассейні елдері) аймағында Бразилия еліне АҚШ пен Коста-Рика құрамалары алғаш болып жолдама алған еді. Бұл аймақтан Әлем чемпионатына үш құрама тікелей жолдама алады, ал төртінші команда Жаңа Зеландия құрамасымен кездесу өткізетін болады. Әзірге үшінші жолдамаға Гондурас пен Мексика құрамалары таласуда.
Азиялық іріктеу кезеңінде А тобында бірінші және екінші орынды иеленген Иран мен Оңтүстік Корея құрамалары жолдама жеңіп алған-ды. Ал «В» тобында өнер көрсеткен Жапония мен Аустралия құрамалары бір мен екінші орынды өзара бөлісті, енді келер жылы Бразилияға жол тартады. Өзбекстанды жеңген Йордания Оңтүстік Америкада бесінші орын алған командамен жолдамаға таласады. Әзірге бұл топта 5-ші сатыда Уругвай келеді.
Африкадан Әлем чемпионатына баратын командалардың алғашқы кездесулері бүгін басталады.
12 қазан
Буркина-Фасо - Алжир
Кот-д’Ивуар - Сенегал
13 қазан
Эфиопия - Нигерия
Тунис - Камерун
15 қазан
Гана - Египет
Қарымта кездесулер 16-19 қараша аралығында өтеді.
Автор: Өмірбек Сансызбай
Сурет: vk.com, soccer.ru, sports.ru, sport-lx.net
О. Сансызбай