Бразилия жеңіске жетті

Бразилия жеңіске жетті

Конфедерация Кубогін өткізіп отырған немесе алаң иелері болып саналатын Бразилия құрамасы екінші ойын күнінде жеңіске жетті.

Алда Әлем чемпионатын өткізгелі отырған оңтүстік америкалықтар бірінші ойында жапондарды тізе бүктіріп (3:0) келіп еді. Бұл жолы да жеңіс сериясы жалғасын тапты. Пентакампеондар Мексика құрамасынан 2:0 есебімен айласын асыра алды.

Үш күн бұрынғыдай, бұл жолы тағы да бірінші голды Неймар салды. Ал қосымша бөлікте ойынға шыққан Жо екінші голдың авторы атанды.

УЕФА-ның ресми сайты хабарлап отырғандай, 21 жастағы Неймар аталған матчтың ең үздік ойыншысы болып танылды. 

Форталеза (Бразилия)

Конфедерация Кубогі

А тобы

Бразилия – Мексика – 2:0 (1:0)

Голдар: Неймар, 9 (1:0). Жо, 90+3 (2:0).

Бразилия: Жулиу Сезар, Даниэл Алвес, Тиагу Силва, Давид Луиз, Марселу, Паулинью, Луиз Густаву, Оскар (Эрнанес, 62), Неймар, Халк (Лукас, 78), Фред (Жо, 82).

Мексика: Корона, Родригес, Сальсидо, Морено, Флорес (Эррера, 58), Торрадо (Хименес, 88), Мьер Аланис, Торрес (Баррера, 70), Гуардадо, Дос Сантос, Эрнандес.

Ескертулер: Гуардадо, 18. Тиагу Силва, 44. Даниэл Алвес, 76. Эррера, 90.

Төреші: Уэбб (Англия).

Сурет:www.eurosport.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига