- Негізгі бет
- Маккала
- "Боруссия" корольдік клубтың...
"Боруссия" корольдік клубтың тас-талқанын шығарды
Футболдан Чемпиондар лигасының жартылай финалында испандық азулы командалардың неміс жерінде жолы болмады.
Кеше мюнхендік «Бавария» өз алаңында каталондық команданы 4 доп айырмасымен ойсырата ұтса, бүгін мадридтік «Реал» да «Барсаның» кебін киді. Финалда испандық қос ұжымның ойынын тамашалағысы келген кейбір жанкүйерлер үшін «Эль-классиконың» ауылы алыстады.
Дортмундтық «Боруссия» өз алаңында барын салды. Алғаш болып есеп ашып, жанкүйерлерін қуанышқа бөледі. Ал матчтың нағыз қаһарманы - поляк Роберт Левандовски. Төрт бірдей допты корольдік клубтың қақпасының торында тулатты. Алғашқы таймда екі команда тең нәтижеде өнер көрсетіп шыққанмен, екінші тайм Лебандовскидің керемет голдарының арқасында жеңіс «Боруссия Д» командасының пайдасына шешілді. Енді «Реал» өз алаңында барын салғанның күннің өзінде ойын оңай соқпасы анық. Мадридтік команда ширек финалға шыққанда бас бапкер Жозе Моуринью: «Бір сескенсем, “Боруссия Д” командасынан сескенем» деген болатын. Расында да солай сияқты.
Естеріңізде болса, қос ұжым «D» тобында бірге өнер көрсеткен болатын. Сол кездесулерде неміс командасының өз алаңында мерейі үстем болса, «Сантьяго Бернабеуден» ұпай бөлісіп қайтқан-ды.
«БОРУССИЯ Д» (Германия) – «РЕАЛ» (Испания) 4:1 (1:1).
Дортмунд. «Сигнал Идуна Парк» алаңы. Төреші: Бьорн Кейперс (Голландия).
Голдар: Левандовски 8 (1:0), Роналду 43 (1:1), Левандовски 50 (2:1), Левандовски 55 (3:1), Левандовски 67-минутта пенальти арқылы (4:1)
Сары қағаз алғандар: Хедира 54, Өзіл 64, Левандовски 70, Рамос 90+2.
Қақпаға бағытталған соққылар саны:
«Боруссия» (Германия):11.
«Реал» (Испания):8.
Допқа иелік етті:
«Боруссия» (Германия): 48%.
«Реал» (Испания):52 %.
Ойыннан тыс қалды:
«Боруссия» (Германия): 3
«Реал» (Испания):5
Ойын тәртібін бұзды:
«Боруссия» (Германия): 12
«Реал» (Испания):14
«БОРУССИЯ» (Германия): Роман Вайденфеллер, Невен Суботич, Матс Хуммельс, Лукаш Пишек 83 (Кевин Гросскройтц), Марсель Шмельцер, Свен Бендер, Илкай Гюндоган 90+2 (Юлиан Шибер), Якуб Блащиковски 82 Себастьян Кель), Марио Гетце, Марко Ройс, Роберт Левандовски.
Бас бапкері: Юрген КЛОПП.
Жоспар:1-4-2-3-1.
«РЕАЛ» (Испания): Диего Лопес, Рафаэль Варан, Пепе, Серхио Рамос, Сами Хедира, Хаби Алонсо 80 (Кака), Месут Өзіл, Лука Модрич 68 (Анхель Ди Мария), Криштиану Роналду, Гонсало Игуаин 68 (Кәрім Бензема).
Бас бапкері: Жозе МОУРИНЬЮ.
Жоспар:1-4-2-3-1.
Автор: Фараби Арыстанбек
сурет:eurosport.ru
Л. Лига