АІВА бокс ережесіне біраз өзгеріс енгізуді көздеп отыр. Оның ішінде, дулығаны алып тастау туралы идея бұрыннан айтылып жүрген. Сондай-ақ, ұпай санау жүйесіне де өзгеріс енуі мүмкін.
2013 жылдан бастап АІВА құзырына қарайтын халықаралық турнирлердің бәрі жаңа жүйемен өтеді. Ал, Қазақстан дулығасыз (шлемсіз) жұдырықтасуды Астанадағы "Дәулет" спорт кешенінде өтетін бокстан Қазақстан чемпионатында бастайтын болады.
«Биылғы бокстан Қазақстан біріншілігі алдыңғы жылдарға қарағанда ерекше болады. Өйткені, әуесқой былғары қолғап шеберлері алғашқы мәрте бас киімсіз рингке шығатын болады. Сонымен қатар ұпай санау ережесіне де жаңа әдіс қолданылатын болады», - дейді Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі.
Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ
Сурет: vesti.kz