Блохин киевтік «Динамоның» бас бапкері атанды

Блохин киевтік «Динамоның» бас бапкері атанды

Украина құрамасын жаттықтырып жүрген Олег Блохин ұлттық құрама жетекшілігін үстіміздегі жылдың қазан айында босатады. Мұндай келісімге Блохин мырза Украина Футбол қауымдастығының (УФҚ) жетекшілерімен өткен жиында қол жеткізіпті.

Шартнамаға байланысты Блохин Украина құрамасының жуық арадағы екі ойынында бас бапкерлік қызметін атқарады. 12 қазан украиндық аяқдопшылар әлем біріншілігінің електеу сындары аясында Молдавия құрамасымен, ал 16 қазан күні Черногория құрамасымен кездесетін болады. Дәл осы екі ойыннан соң, Олег Блохин толығымен «Динамо» командасын баптайтын болады.

Айта кетсек, киевтік «Динамоның» бас бапкерлік орны Юрий Семин орнынан қуылған соң бос қалған болатын. Семин команданы 2010 жылдан бері жаттықтырып келді. Дегенмен соңғы кездері  «Динамоның» көрсеткен нәтижелері команда жетекшілерінің көңілінен мүлде шықпаған-ды. Сондықтан, бұл маман орнынан алып тасталды. 

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: eurosport.ru

У. ҚОСАНБАЙ