Құйрықты жұлдыздай жарқырап жанып, қысқа ғұмырда ел еңсесін көтеріп кеткен Бекзат Саттарханов атындағы турнир болып өтті. Бұл туралы alasharena.kz сайты хабар таратыпты. Осымен Саттарханов атындағы бокс бәсекесі 11-рет өткізіліп отыр екен. Турнирге Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан елдерінен таңдаулы спортшылар келіпті. Сонымен қатар, еліміздің барлық облыстарынан 200-ге жуық спортшы қатысқан.
Сайыстың ашылу салтанатында П.Қырықбаев, Бекзаттың спорттағы әріптестері Ермахан Ыбырайымов пен Мұхтархан Ділдәбеков сөз сөйлеп, өз естеліктерімен бөлісіпті. Vассагеттіктерді доданың нәтижесімен таныстыралық.
49 келі: алтын - алматылық С. Әбдірайымов, күміс - оңтүстікқазақстандық Ә.Ермек
56 келіде: алтын - оңтүстікқазақстандық Ж.Темірхан, күміс - маңғыстаулық Қ.Көптілеу, қола - Б.Оспанов
60 келіде: алтын - ақмолалық А.Лихнер, күміс - түркістандық Н.Шынкеев, қола - қызылордалық А.Жоламанов пен тараздық А. Наметкерім
64 келіде: алтын - тараздық А.Алиханов, күміс - А.Ибрагимов
69 келіде: алтын - шығыс қазақстандық Ә.Шаханов, күміс - Р.Сайлауов, қола - оңтүстікқазақстандықтар А.Төленов пен Ж.Тұрғанбек
75 келіде: алтын - Ә.Орынбасаров, күміс - шымкенттік А.Дүйсалы, қола - ақмолалық А.Қайыржан мен алматылық Ә.Үсіпәлиев
81 келіде: алтын - Р.Жасқитов, күміс - оңтүстікқазақстандық А.Жұмаділлаев, қола - М. Еркін мен Д.Зекербай
91 келіде: алтын - түркістандық А.Ерметов, күміс - қызылордалық Т.Өмірбек, қола - оңтүстікқазақстандық А.Тезекбай мен шығысқазақстандық Т.Қозыбақов
Аса ауыр салмақта: алтын -алматылық Қ.Ахметов, күміс - атыраулық Д.Құрманбеков, қола - шымкенттік Е.Шора мен маңғыстаулық С.Дадаханов.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
сурет: photo.nur.kz