Қазақстандық "Барыс" клубы Континенталдық хоккей лигасында үшінші рет жеңіліске ұшырады. Дүйсенбі күні спортшыларымыз Омскілік "Авангардтың" стадионында алаң иелерінен жеңіліс тапты.
Негізгі уақытта қос қарсылас бір-біріне 3 шайбадан салды. Дегенмен овертаймда отандастарымыздың жолы болмады. Алғаш болып шайба жіберіп алған олар 4:3 жалпы есебімен жеңіліп қалды.
Естеріңізге сала кетелік, "барыстықтар" 7 қыркүйек күні мәскеулік "Динамодан" 1:5 есебімен ұтылса, келесі күні петербургтық СКА-дан 3:7 есебімен жеңіліп қалған болатын.
"Барыстың" келесі ойыны 13 қыркүйек күні казаньдік "Ак Барсқа" қарсы өтеді.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: РИА Новости