Ауғанстанда алғаш рет кәсіби бокс кеші өтті

Ауғанстанда алғаш рет кәсіби бокс кеші өтті

Ауғанстан астанасы Кабулда кәсіби бокс кеші өтті. Жекпе-жек алаңы әдетте ақсақалдар жиындары өтетін арнайы шатырда орнатылды.

Ашық аспан астында өткен жекпе-жекте WBO тұжырымының халықаралық чемпионы атағына Хамид Рахими және Саид Мбелва таласты. Бұл жекпе-жекте Ауғанстан елінің тумасы, бүгінде Германияда тұратын Хамид Рахимидің мерейі үстем болды. Ол жетінші раундта қарсыласы Саид Мбелваны техникалық нокаутпен жеңді. «Ауғанстанның бейбітшілігі жолындағы күрес»,- деген ұранмен өткен осы сайысты Хамид Рахими ұйымдастырған. Бала кезінен Германияда тұрып жатқан Хамид - кәсіби боксшы. Оның айтуынша, жекпе-жекті өткізудегі мақсат – ұзақ жылдардан бері соғыстан көз ашпаған Ауғанстан халқын біріктіру.

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: sport-express.ua

Ю. НИКУЛЛИН