Астанада Сочиге аттанатын Олимпиада делегациясына арналған киім үлгісі эскиздері байқауында ақтық сынға өткен үздік үштік анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Байқауға жалпы киім үлгісінің 19 нұсқасы жіберілген. Спорт және дене шынықтыру агенттінің қызметкерлерінен және Олимпиада чемпиондары Ольга Шишигина мен Серік Сәпиевтен тұратын қазылар алқасы соның ішінен ең жақсы нұсқаларды таңдап алыпты.
Ақтық сынға өткен үш үміткер: Доу Гуан Чжоу Таис (дизайнер, ҚХР), "Айоко Бо" сән үйі (Атырау) және "ЗИБРУ" компаниясы (Алматы). Екінші кезеңде жеңімпаз көпшілік дауыспен анықталады.
"ЗИБРУ" компаниясы (Алматы)
Спорт агенттігінің ресми өкілі Диас Ахметшариптің айтуынша, осыған дейін қазақстандық Олимпиада делегациясына киім тігіп келген дизайнер Құралай Нұрқадилова да байқауға қатысқан болып шықты. Бірақ қазылар алқасын таң қалдыра алмағандықтан, финалға өте алмаған екен.
"Айоко Бо" сән үйі (Атырау)
30-дан астам атрибуты болатын бір комплектінің өзін тігуге 500-600 мың қаражат жұмсау жоспарланған. Айта кетсек, Ванкуверде өткен ойындарға әрбір форма 370 мың теңгеге тігілген еді.
Доу Гуан Чжоу Таис (дизайнер, ҚХР)
Жалпы 150 комплектіге тапсырыс беріледі: спортшыларға, қызмет көрсетушілерге және ресми адамдарға. Сонымен қатар, сый ретінде берілетін комплектілер де болмақ.
Байқау жеңімпазы 30 мамыр күні анықталады. Ұнаған киім нұсқасына мұнда дауыс беруге болады.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: vesti.kz