«КАМАЗ» жүк көлігінде өнер көрсететін «Астана» командасының экипаждары "Дакар-2013" ралли-марафонының үшінші кезеңін тоғызыншы болып аяқтады.
Құрамында Артур Ардавичус, Алексей Никижев және Нұрлан Тұрлыбаев бар Қазақстан командасы Писко мен Наска аралығындағы қашықтықты 3 сағат, 14 минут, 43 секунд уақытта өтті. Айта кетсек, бұл аралықтың жалпы ұзақтығы 343 шақырымға тең келеді. Оның 243 шақырымы арнайы қиындатылған жол, 100 шақырымы тегіс жол болған.
Жалпы үшінші кезеңде «Дакардың» қазіргі чемпионы нидерландылық Жерар Де Рой «Iveco» жүк көлігімен бірінші болып келді. Екінші болып ресейлік «КАМАЗ-Мастер» жүк көлігінің жүргізушісі Эдуард Николаев мәре сызығын кесті. Үшінші орын «Iveco» командасының тағы бір жүк көлігін айдаған итальяндық Мики Бьязьонға бұйырды.
Ал үш кезеңнен соң жалпы тізімнің көшін Жерар Де Рой бастап тұр. Екінші сатыда нидерландылық жүргізушіден жеті минут қалған чехиялық Алеша Лопрайса орналасқан. Үздік үштікті көшбасшыдан он үш минуттай жеңіліп келе жатқан Мики Бьязьон қорытындылап тұр.
"Дакар-2013". Ралли-марафоны 3-кезең. Жүк көліктері.
Писко - Наска, 343 км
1. Жерар Де Рой (Голландия, Iveco) - 2:55:58;
2. Эдуард Николаев (Ресей, KAMAZ) - 2:57:22 (+1:24);
3. Мики Бьязьон (Италия, Iveco) - 2:58:29 (+2:31);
4. Алеш Лопрайс (Чехия, Tatra) - 3:00:41 (+4:43);
5. Питер Верслейс (Голландия, MAN) - 3:02:30 (+6:32);
...
9. Артур Ардавичус (Қазақстан, KAMAZ) - 3:14:43 (+18:45).
Жалпы кесте:
1. Жерар Де Рой (Голландия, Iveco) - 6:23:15;
2. Алеш Лопрайс (Чехия, Tatra) - 6:30:14 (+6:59);
3. Мики Бьязьон (Италия, Iveco) - 6:36:41 (+13:26);
4. Эдуард Николаев (Ресей, KAMAZ) - 6:44:59 (+21:44);
5. Питер Верслейс (Голландия, MAN) - 6:51:36 (28:21);
...
9. Артур Ардавичус (Қазақстан, KAMAZ) - 07:29:59 (+1:06:44).
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: vesti.kz