Қазақстандық "Астана" командасының экипаждары Қанат Шагиров пен Александр Морозов өздерінің MEBAR М440 көлігімен Africa Eco Race-2013 раллиінде жол талғамайтын көліктердің Т2 классында жеңіске жетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жалпы барлық көліктердің жеңімпазы болып француз Жан-Луи Шлессер атанды. Жүк көліктері сайысында ресейлік "КАМАЗ-Мастер" командасының мүшелері Антон Шибалов, Дмитрий Сотников және Евгений Яковлев топ жарды.
Естеріңізге сала кетсек, Africa Eco Race-2013 раллиі 27 қаңтарда Францияның Сен-Сиприен қаласында басталған еді. Қатысушылар 11 кезең барысында Африка құрлығындағы Марокко, Мавритания және Сенегал мемлекеттерінің аумағын басып өтіп, Сенегал астанасы Дакарда мәреге жетті.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: vesti.kz