Елордамыздың намысын қорғайтын «Астана» баскетбол командасының өткен жылдағы жылдық табысы да мәлім болды. Бұл туралы Vesti.kz спорт порталы хабарлайды.
Негізінен бұл команданың да басты демеушісі «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры болып саналады. 2012 жылы бұл ұйым «Астана» командасына 735 000 000 тенге (5 мың доллар) көлемінде қаржы бөлген екен. Оның ішінде 49 миллион теңге «Самұрық-Қазына» қорының жарнамасына кеткен.
Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, ВТБ лигасының биылғы жеңімпазы мәскеулік «ЦСКА» командасының жылдық табысы 13 миллион долларға тең келеді.
Айта кетейік, осыдан бірнеше уақыт бұрын құрлықаралық хоккей лигасында өнер көрсететін «Барыс» командасының жылдық қаржысын жария еткен болатынбыз. Қолдағы бар мәліметтерге жүгінер болсақ, "Барыс" хоккей клубының биылғы жылғы табысы 17,4 миллион долларға тең келіп отыр.
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: vesti.kz