ВТБ Бірыңғай лигасының «А» тобында өнер көрсететін «Астана» баскетбол командасы жеңістері мен жеңілістері 66 пайызға жуық болып, «А» тобында үшінші сатыға көтерілді. Бұл туралы Vesti.kz спорт порталы хабарлайды.
Қазақстандық команда маусым басында Литваның «Летувос Ритас» және Украинаның «Азовмашын» командаларын жеңіп, ресейлік «Химкиден» ұтылып қалды. Үш ойыннан кейін топ басын мәскеулік «Химки» клубы бастап тұр, олардың ізін ала әлі де бірде-бір ойында жеңілмеген Санк-Петербургтық «Спартак» келе жатыр. Кеше «Спартак» Қазаннан келген «УНИКС»-ті 52:51 есебімен ұтты. Үшінші орында екі жеңісі мен бір жеңілісі бар астаналық клуб тұр. Қазақстандықтардан кейін УНИКС, «Донецк» (Украина), «Калев» (Латвия) және «Красные крылья» (Ресей) келеді.
Атап кетейік, «Астана» командасы келесі кездесуін 22 қазан күні «УНИКС»-ке қарсы өткізеді. Ойын Самара қаласында болады.
Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ
Сурет:tengrinews.kz