Артур Ардавичус: "Жеңіспен қатар, жеңілісті де қабылдай алу керек "

"Астана" командасы атынан жүк көліктері классында сынға түсіп жатқан жерлесіміз Артур Ардавичус экипаждың "Дакар" жолынан шығып қалу себебін түсіндірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.  

"Өкінішке орай, бүгін сенім артқан көліктің соңғы күні болды. Жақсы жұмыс жасады. Бірақ белгісіз себептерге байланысты қозғалтқышы істен шықты. Бізде жарыс басталмай-ақ үлкен техникалық қиындықтар туындады. Соған қарамастан осы кезеңге дейін жеттік. Жеңіспен қатар, жеңілісті де қабылдай алу керек. Бұл спорт, бұл "Дакар". Бастысы мойымай, алдағы болатын жарыстарға дайындалу",-деп түсіндірді сәтсіздік себебін "КАМАЗ" жүргізушісі Артур Ардавичус. 

Естеріңізге салсақ, "Дакар-2013" раллиінің алтыншы кезеңінде "Астана" командасы жүк көлігі қозғалтқышы толығымен істен шыққан еді. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: nashaagasha.org