Артаевтың ісіне қатысты 5 сұрақ

Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаевтың айналасындағы шудың нүктесі оның бүгін өткізген баспасөз мәслихатында қойыла ма деген едік. Бірақ біз үшін бұл іске қатысты бірнеше жағдай мәлім болмай тұр. Ендеше сол сұрақтардың неден туындағанын салмақтап алайық.

Бірінші сұрақ:

«Бақтияр Артаев бір қызды түнгі клубта ұрды» делінген ең әуелгі ақпараттарда боксшының Fashion түнгі клубында болғанын айтады. Бірақ ол ақпарат Айсұлу Ыбрашеваның көзқарасымен жазылған. Бұдан кейін Артаевқа хабарласқан журналистер бұл туралы сұрақ қойған кезде боксшы Fashion деген түнгі клубта болмағанын, кейінде тіпті ұрмағанын айтқан. Артаевтың айтуынша, бар оқиға «Кувшин» мейрамханасында болған. Ал «Кувшин» мейрамханасы мен Fashion түнгі клубының қашықтығы екі шақырымға таяу жер.

Осыдан кейін tengrinews.kz сайтында Fashion түнгі клубының күзетшілері Артаев пен Ыбрашеваның арасындағы кикілжіңді өз көздерімен көргенін, мәселенің мән-жайы қалай болғанын баяндаған. Осы жағдайда туындаған сұрақ – егер Бақтияр түнгі клубқа бармаған болса, оны күзетшілер қайдан көрген? Ал егер чемпион клубта болса, мұнысын неліктен жасырады?

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/r7tVT3QTQAI#t","width":"450","height":"338"});

Екінші сұрақ:

Бақтияр Артаев 3 шілде күні twitter.com әлеуметтік желісіндегі парақшасында былай жазған «Не болса да халыққа үлкен рақмет қолдау көрсетіп жатқан, басымды ием сіздерге, бұның артында тұрған кісілер өз жазасын алар». Яғни Артаев нақты Айсұлу Ыбрашеваны емес, беймәлім, «артында тұруы» мүмкін адамдарды меңзеді. Бұл ситуацияға басқа ракурспен қарап көрелік. Спортшы Fashion түнгі клубында болмағанын қайталап тұрып айтты. Ал енді түнгі клубтың күзетшілерін Бақтиярдың түнгі клубта болды деп сендіру үшін сөйлету, Бақтиярдың твиттердегі сөзімен айтсақ, кімге қажет болды? Артаевтың артына біреу түсуі мүмкін бе?

Не болсада халыкка улкен рахмет колдау корсетип жаткан,басымды ием сиздерге,бунын артында турган кисилер оз жазасын алар

— Bachtiyar Artayev (@BakeIntelegent) July 3, 2014

Үшінші сұрақ:

Бақтияр Артаев КТК телеарнасына берген сұқбатында

"Мен ол қызды тіпті де танымаймын, ол менің алдымда билеп тұрды. Мен оны сәл итердім де ары қарай кеттім. Ол бірден боғауыз сөздер айтып, айқайлай бастады, жұдырық ала жүгірді. Мен тек кетіп қалдым, ештеңе де болған жоқ. Егер мен оны ұрсам ол сұқбат бере алмай да қалатын еді, оның беті көгермеген" ("Я ее знать не знаю, просто она танцевала передо мной. И я ее чуть оттолкнул. И ушел дальше. Она начала махать кулаками, сразу матом пошла. И ногами полезла. Я просто оттуда ушел, ничего не было. Конечно, не бил я ее. Если бы я ее бил, она бы интервью не могла бы дать, у нее на лице даже синяка нету")" дейді. «Кувшин» мейрамханасы би билеу орны ма деген сұрақ туындайды. Би түнгі клубтың бірінде болмай ма екен? Бірақ мейрамхананың да би алаңы болуы мүмкін ғой? Бұл сұрақтың да Астанада өткен баспасөз мәслихатында қойылмағаны өкінішті.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/oE8YIOgXCu8","width":"450","height":"338"});

Төртінші сұрақ:

Егер Айсұлу Ыбрашеваның сөзіне еріп, Артаевтың түнгі клубта болғанына сенейік десек, онда да әншейінде алға тартылатын клуб камераларындағы бейнетаспалардың тасада қалып отырғаны да күмән тудырады. Үлкен түнгі клубта бейнекамераның болмауы мүмкін бе? Мұны Ыбрашева неге айтпайды?

Бесінші сұрақ:

Халыққа елеулі азаматтың түнгі клубта болуы әлеуметтік желілерде қатты сынға ұшырап отырғаны айтпаса да белгілі. Бірақ мұндағы оқиғаның басты деталі – «Артаев қызды ұрды ма?» деген ауанда болуы керек еді ғой? Оның клубта болуы мен болмауы екінші тараптағы мәселе емес пе еді? Енді ұру мәселесіне келсек, жәбірленуші чемпионның ішінен ұрғаны белгілі болса, бірақ чемпионның көзімнің асты көгерді дегенін қалай түсінеміз?

Автор: Ардақ Құлтай

Сурет/аудио: kz.troniks.kz, ktk.kz