Кувейтте орын алған мемлекеттік әнұранмен байланысты келеңсіз оқиға ел есінде болар. Осы орайда спорт және дене шынықтыру федерациясының басшысы Талғат Ермегияев селекторлық баспасөз мәслихатын өткізді. Жиында осы оқиға үшін Кувейттің мемлекеттік жаттықтырушысына шара қолданылғандығы хабарланды. Сонымен қатар, шейх Әл-Сабахтың орынбасарына да сөгіс жарияланғандығы айтылды.
Төраға осы оқиғадан кейінгі ел ішінде қолданылып жатқан шаралар туралы айтып өтті. Бұдан былай барлық спортшылар белгілі бір чемпионатқа қатысуға 1 ай қалғанда тексеріліп, мемлекеттің әнұранын білетін-білмейтіндігі анықталады. Және әр спортшыға басқа да мемлекеттік рәміздерге қарым-қатынастың негіздері үйретілетін болады.
Естеріңізге сала кетейік, 1 ай бұрын өткен мергендер арасындағы әлем чемпионатында бөтен гимн ойналып, еліміздің азаматтары ыңғайсыз жағдайға қалып, Кувейт үкіметіне ресми түрде наразылық нотасы жіберілген еді.
сурет: thenews.kz