Англия Бразилияны тізе бүктірді

Англия Бразилияны тізе бүктірді

«Уэмбли» стадионында Англия құрамасы 23 жылдың ішінде бірінші рет Бразилияны тізе бүктірді. Есеп - 2-1.

Ағылшындардың сапынан Уэйн Руни мен Фрэнк Лэмпард бір-бір мәрте көзге түсе алды. Бір айта кетерлігі, "қызыл сойқандардың" ойыншысы Руни екінші голдың сәтінде де әріптесіне доп шығарып беру арқылы пайдасына нәтижелі пасты жазды. Ал бес дүркін әлем чемпиондарының сапынан жалғыз мәрте Фред есеп аша алды.

Айта кетер болсақ, Бразилия сапына шақырту алған Роналдиньо ойынның бірінші минуттарынан өнер көрсетіп, бір тайм бойы алаң ортасында ойқастап жүрді. Ұзақ уақыт үзілістен келгеннің әсері ме, әйтеуір даңқты ойыншы 11 метрлік айып добын жүзеге асыра алмады.

"Арсеналдың" ойыншысы Тео Уолкотт ойынның негізгі көркін кіргізіп, сәт сайын Пеленің отандастарын састырып бақты. Және сөзсіз аталған ойынның бас қаһарманы аталды. 

сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига