Анчелотти "Реалды" баптамақ

"ПСЖ" командасының бас бапкері Карло Анчелотти осы жылдың жаз айында "Реал" командасының тізгінін ұстамақ. Бұл турасында француз баспасөздері жарыса жазып жатыр.

Корольдік клубтың өкілдері  бұдан бұрын да италиялық маманмен бірнеше рет кездесіп келген. Осы жолғы сағат бойына созылған әңгімеде ортақ мәмілеге келе алыпты.

Сондай-ақ, "Реал" командасының президенті Флорентино Перес аталған клубты жаттықтырып отырған Жозе Моуриньюмен арадағы келісімді мерзімді уақытынан бұрын бұзбақ көрінеді. Және келісім бұзылған жағдайда португалдық маманға 10 миллион евро көлемінде өтемақы берілмек екен.

Естеріңізге сала отырсақ, одан бұрын Жозе Моуринью келесі маусымда «Реал» клубымен арадағы келісім-шартты бұзады делінген болатын. 

сурет:rsport.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек