43 жасар Гельфанд пен 42 жасар Ананд арасында өткен ойын тай-брейкке дейін созылды. Екеуі классикалық шахматтың артта қалған 12 партиясы бойынша тең есепті болды. Содан кейінгі жылдам шахматтың төрт партиясында үндістандық ойыншы 2,5:1,5 есебімен басым түсті.
Гроссмейстерлер бірінші партияны тең есепке аяқтады. Ал екінші партияда ақ фигуралармен Ананд жеңді. Соған қарамастан, үшінші партия Гельфандтың басымдылығымен өтіп жатты. Бірақ, ойламаған жерден тең есеппен шешілді. Міне, сөйтіп ақтық айқаста (партияда) қазіргі чемпион ақ фигуралармен өзіне қолайлы есеппен жеңіске жетті.
Естеріңізге салсақ, Ананд 2007 жылы әлем чемпионатында топ жарған еді. Одан кейін 2008 жылы Вишиде Владимир Крамникпен өткен ойында 6,5-4,5 есебімен жеңіске жетіп, чемпиондық атақты қорғап қалған болатын. Содан кезек 2010 жылға дейін жетіп, Ананд мансап жолында Софияда өткен ойын барысында Топаловты (6,5-5,5) ұтып, шахмат тәжін сақтап қалған-ды. Ал Гельфандқа келетін болсақ, ол 2011 жылғы үміткерлер арасында Қазанда өткен турнирде жеңімпаз атанған-ды.
Ойынның қаржылай сыйлығы 2,55 миллион долларды құрайды. Оның 60%-ы Анандқа, 40%-ы Гельфандқа тиесілі.
Сурет: eurosport.ru