Қазақстандық спортшылар Сочиде өтетін Олимпиадада алтын үшін 250 мың АҚШ долларын сыйақы ретінде алады.
Қазақстан Спорт және Дене шынықтыру істері агенттігі Сочиде өтетін Олимпиаданың жеңімпаздарын қанша мөлшерде сыйақы күтіп тұрғанын жариялады. Бұл туралы премьер-министр сайтына сілтеме жасай отырып Tengrinews.kz ақпараттық порталы хабарлаған.
«Сыйақы мөлшерін біз өткен жылғы, Лондон олимпиадасындағы сыйақы көлемімен бірдей етіп жасауды ұйғардық – 250 мың доллар 1 орын үшін, 150 мың доллар – күміс медаль үшін, 75 мың доллар – үшінші және 6 орынға дейінгі спортшыларға беріледі. Бұл қолдау алғашқы жылдардағыдай деңгейде қалады деп үміттенеміз» - дейді www.primeminister.kz сайтына берген сұхбатында агенттік төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов.
Оның айтуы бойынша, республикалық бюджеттік комиссия агенттіктің Сочи Олимпиадасына жасалатын дайындық үшін 1 миллиард қаржы алу жайлы арызы қарастырылатын болыпты.
«Қазірде шығынды есептеу өте қиын. Мұнда кешендік есептеу түрі қажет. Бізде ұлттық командалардың штат дирекциялары бас демеуші «Самұрық-Қазына» қорынан 472 миллион теңге алды, ал жергілікті деңгейде спортшыларға жағдайды әкімшіліктер жасайды» - деді Қанағатов.
Қазақстанның Ұлттық олимпиадалық құрамасы Сочи-2014 олимпиадасына қатысу үшін 6 спорт түрінен 22 лицензия алып үлгерді. Қазақстанның Спорт және Дене шынықтыру істері агенттігінің болжамы бойынша, еліміз жыл соңына дейін 10 спорт түрінен 40 лицензия алуы қажет.
Белгілі болғандай, XXVII Қысқы Олимпиадалық ойындары Сочиде 7-23 ақпан аралығында 2014 жылы өтеді. Жарыс барысында 98 комплект медаль 15 спорт түрінен бәйгеге тігіледі. Лицензиялық жарыстар 2014 жылдың қаңтар айына дейін жалғаспақ.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: tengrinews.kz