Алматыдағы Балуан Шолақ спорт сарайында World Electronic Sports Games (WESG) турнирінің LAN-финалы аяқталды. Турнир Counter-Strike: Global Offensive, Dota 2, Starcraft 2, Hearthstone және Pro Evolution Soccer 2019 дисциплиналары бойынша өтті. Қазақстандық іріктеуде CS:GO жеңімпаздары бірінші анықталды. Бұл дисциплинаға әйелдер мен ерлер категориясы қатысты. Әйелдер арасында Se7en eSports.fem. ойыншылары ProgressGaming.fem. командасын 16:5, 16:1 есебімен жеңіп, жеңімпаз атанды. Ал үшінші орындыT5 eSports.fem. командасы алды. Ерлер арасындағы финалда K23 (Gambit) және Mantegos командалары кездесті. Кездесу өте тартысты өтті, десе де K23 ойыншылары train кезеңінде 16:6 сache кезеңінде 16:14 есебімен жеңіске жетті. K23 (Gambit) командасы Mantegosкомандасы StarCraft ІІ дисциплинасында Алмат Replicant Төлеуғалиев Владислав Inojin Лысыйдан 3:1 есебімен басым түсті. PES 2019 ойынының финалында Қаныш Abdulkin Әбікенов пен Лёма Adaleon777 Магомадов кездесті. Бұған дейін Азиада ойындарына Қазақстан атынан қатысқан тәжірибелі Қаныш Әбікенов қарсыласын 3:1 есебімен басым болды. HearthStone дисциплинасында Вячеслав Cagey Такижанов үздік атанды. Ол финаллда Ильясхан Hallmark Киртаевпен кездесіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Ал Dota 2 дисциплинасының финалында Patriot және Se7en eSports командалары тартысты ойын көрсетті. Бірінші раундта Patriot айқын басымдықпен жеңді, ал екінші раундта Se7en eSports ойыншылары үздік болды. Шешуші үшінші раундта командалар әдемі ойын көрсетті. Нәтижесінде Patriot командасы жеңісті жұлып әкетті. Есеп 2:1. Жарыстың жүлде қоры 5.5 миллион теңге. Әр дисциплина бойынша бірінші және екінші орын алған командалар марапатталып келесі іріктеу кезеңіне жолдама алды. Енді CS:GO дисциплинасында K23 (Gambit) командасы, StarCraft ІІ бойынша Алмат Replicant Төлеуғалиев, PES 2019 бойынша Қаныш Abdulkin Әбікенов, HerthStone бойынша Вячеслав Cagey Такижанов және Dota 2 дисциплинасында Patriot командасы Қазақстан атынан Орталық-Азия іріктеу кезеңіне қатысады. Жеңімпаздар наурыз айында Шанхай қаласында өтетін әлемдік турнирге қатысады. PES 2019 дисциплинасының чемпионы Қаныш Әбікен Dota 2 дисциплинасының чемпионыPatriot командасы CS:GO дисциплинасының чемпионыK23 (Gambit) командасы Турнирдің ашылуына қатысқан ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жарыс қатысушыларына сәттілік пен жарқын ойын тілеп, киберспорт маңызын жоғары бағалады: WESG турнирінің қатысушылары спортшылардың жаңа буыны. Себебі киберспорт технология мен спортты тоғыстырған ерекше спорт. 2018 жылдың маусым айында киберспорт Қазақстанда ресми спорт деп танылды. Болашақта киберспорт федерациясымен бірге бірнеше халықаралық турнир ұйымдастыратын жоспар бар, деді министр. Қазақ киберспорт федерациясының вице-президенті Евгений Богатырев WESG турнирі еліміздегі киберспортшылар үшін үлкен серпіліс болады және мұндай жарыс Қазақстан үшін үлкен тәжірибе дейді. Сондай-ақ вице-президент киберспорттың даму бағытынмен бөлісіті: Қазір ойыншыларымыз еуропалық және азиялық серверлерде ойнап, жаттығады. Бұл көбіне ойын сапасы үшін ыңғайсыз. Сондықтан Орта Азиялық серверді іске қосамыз. Сол арқылы желі және ойын сапасы әлдеқайда жақсы жұмыс істейтін болады. Бұл қазақстандық командалардың деңгейіне де әсер ететді. Мысалы қазір елімізде кәсіби 6 киберспорт мекемесі бар, деді Евгений Богатырев. Турнирдің онлайн-трансляциясы twitch.tv сервисінде жүргізілді. Ал CS:GO және Dota 2 дисциплиналарын киберспорт турнирлерін ұйымдастырушы Starladder командасының комментаторлары Игорь SL4M Сопов, Юрий Strike Терещенко, Роман CaspeRRR Лепёхин және Дмитрий Droog Чумаченколар жүргізді.