9-10 ақпан аралығында Алматыда "Сұңқар" Халықаралық шаңғы трамплиндері комплексінде шаңғы қоссайысынан әлем кубогы кезеңі өтеді.
Сайыста 12 елдің спортшылары бақ сынасады. Атап айтсақ, Норвегия, Словения, Австрия, Чехия, Украина, Ресей, Қазақстан, Германия, Финляндия, Франция, Жапония, Польша мемлекеттерінің шаңғышылары өнер көрсетеді.
Қазақстандықтар осылайша Акито Ватабе (Жапония), Микко Кокслиен (Норвегия), Джереми Лами Шапуи секілді майталмандардың өнерін өз көзімен көруге ерекше мүмкіндік алып отыр.
Айта кетелік, Қазақстан шаңғы қоссайысын осымен екінші рет қабылдайын деп отыр. Бәйгені "Eurosport" телеканалы тікелей эфирде тарататын болады.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: kursiv.kz