Жақында Африка құрлығының ОАР (Оңтүстік Африка Республикасы) мемлекетінде "қазақша күрестен" халықаралық турнир болып өтті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Турнирге "қара құрлықтың" 6 елінен (ОАР, Зимбабве, Ботсвана, Свазиленд, Габон және Нигериядан) барлығы 30 палуан қатысты. Жарыс төрт салмақ (60, 70, 90, +90 келі) бойынша өтті. Сондай-ақ Кейптаунда оқу-жаттығу тренингтері мен төрешілерге семинар болып өтті.
Сонымен, назарларыңызға жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің есімдерін ұсынамыз:
60 келі:
1-орын - Стефан Филлипс (ЮАР),
2-орын - Таванда Манганганга (Зимбабве),
3-орын - Вилбур Влул (ЮАР),
3-орын - Майкл Пелономи (Ботсвана).
70 келі:
1-орын - Мусса Анафи (Зимбабве),
2-орын - Абдул Гакем Хаузер (ОАР),
3-орын - Дольфвандер Весшуйзер (ОАР),
3-орын - Сипхо Малаза (Свазиленд).
90 келі:
1-орын - Эдсон Пиндза (Габон),
2-орын - Джордж Атоеби (Нигерия),
3-орын - Абубакр Петерсен (ОАР),
3-орын - Варрен Коопман (ОАР).
+ 90 келі:
1-орын - Дин Пиетерсен (ОАР),
2-орын - Виктор Гвебу (Свазиленд),
3-орын - Самуэль Амиго Рамаеба (Ботсвана),
3-орын - Кобе Тернта (ОАР)
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: bigpicture.ru