Афинадағы қаңырап қалған спорт нысандары

Осыдан 10 жыл бұрын, нақтырақ айтсақ 13 тамыз күні Олимпиада өз Отанына оралып, төрткүл дүние көз тіккен дүбірлі дода басталған болатын. Грекия астанасы талай спортшылардың бағын ашып, талай рекордтардың мұртын бұзған жаңалықтардың жаршысы болды. Еліміздің намысын ежелгі грек жерінде 119 спортшы 17 спорт түрінен қорғады. Бағымызға жалғыз Бақтияр Артевтың алтын жүлдесі ғана бұйырды. 4 күміс, 3 қола жүлдемен Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 40-шы орынды қанағат тұтып қайтты. Ал бүгінгі айтпағымыз мүлде бөлек.

Грекия халқы кейінгі жылдары қатты жүдеді. Елде көтерілістер мен қақтығыстар көп орын алды. Ал 2004 жылы ХХVІІІ жазғы Олимпиада ойындарына арнап арнайы салған спорт нысандарының көп бөлігі игерілмеді. Ең қымбат саналған жарыс алаңдары бір кешке ғана киіп баратын көйлектей жарамсыз болды да қалды. Бір жыл өтпей-ақ спортшылар тұрақтаған қонақүйлер есігіне құлып түскен. Ал ойындар аяқталысымен ең қымбатқа салынған софтбол мен жағажай волейболдарының алаңдары жарамсыз болып қалған. О баста елдің спортын өркендетуге керек болады деп жоспарлаған елдің Олимпиада комитеті қажеттеріне жарамаған спорт нысандарын жабуға мәжбүр болды. Кейіннен елдегі дағдарыстан кейін бұл орындар қаңырады да қалды. Қазіргі таңда 13 тамыз бен 29 тамыз аралығында өткен Олимпиада ойындарын грек халқының көп бөлігі тек өкінішпен ғана еске алады. Өйткені, доданы өткізуге ел бюджетінен 15 миллиард доллар қаржы жұмсалған. Одан да гректер бұл қаржыны елдегі туристік жағдайды өркендетуге жұмсағанда нұр үстіне нұр болар еді деп санайды.

Сонымен, осыдан 10 жыл бұрын Олимпиада жүлделері сарапқа салынған спорт нысандарына көз жүгіртіп көрейік. 

Софтбол алаңы

Спорт қалашығындағы субұрқақ

Жағажай волейболы аренасы

Дайындық бассейндері

Медальдар сарапқа салынған жүзу алаңы

Көгалдағы хоккей алаңы

Жарыс алаңын қоршайтын темірлер

Қаз-қатар тізілген тутұғырлар

Жүзу түрлерінен жарыс өткен бассейн

Спорт нысаны маңындағы құлаған қабырғалар


Қаңырап қалған спорт кешендері құлыптаулы тұр

Семсерлесу спорт залы

Велодромдағы граффити

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: daypic.ru