«Astana Pro Team» командасының шабандозы Винченцо Нибали жексенбі күні өткен Giro d'Italia-ның 15-кезеңінде жеңімпазға тиесілі қызғылт жейдені сақтап қалды.
Нибали Чезанадан Торинезеге дейінгі 149 шақырымдық жарыс жолының мәресіне 7-болып жетті. Ол Франция шекарасындағы қарлы Коль де Галибье тауының үстімен өткен кезеңнің жеңімпазы италиялық Джованни Висконтиден 54 секундқа қалып қойды. Нибалидің жалпы есептегі басты қарсыласы саналатын австралиялық Кэдел Эванста тура осындай көрсеткішпен мәреге сегізінші келді. Енді қос спортшының арасындағы уақыт айырмашылығы 1-26 секундқа тең келеді.
"Джироның қиын кезеңдері әлі де болса алда. 15-кезең алдында қарсыластармен арадағы уақыт тым аз болатын. Сондықтан бүгінгі кезеңде жақсы нәтиже көрсетуге тырыстық. Кезең барысында команда бір мақсатқа жұмыла қызмет етіп, уақыттың әрбір секундын абыроймен қорғадық. Ең ауыр тигені күн райының суықтығы болды. Дегенмен Джироның жеңімпазы атану үшін мұндай қиындықтарға көңіл бөлмеу керек", – дейді Нибали жарыс аяқталған соң.
15 кезеңнің нәтижесі:
р/с
велошабандоздар
уақыты
+/-
1
Джованни ВИСКОНТИ
4:40:48
2
Карлос БЕТАНКУР
4:41:30
+42.000
3
Пшемыслав НЕМЕЦ
4:41:30
+42.000
4
Рафал МАЙК
4:41:30
+42.000
5
Фабио ДУАРТЕ
4:41:35
+47.000
7
Винченцо НИБАЛИ «Астана»
4:41:42
+54.000
21
Танел КАНГЕРТ «Астана»
4:42:15
+01:27.000
28
Фабио АРУ «Астана»
4:42:50
+02:02.000
50
Валерио АНЬОЛИ «Астана»
4:47:55
+07:07.000
77
Паоло ТИРАЛОНГО «Астана»
4:56:56
+16:08.000
96
Фредрик КЕСЬЯКОФФ «Астана»
5:01:14
+20:26.000
102
Дмитрий ГРУЗДЕВ «Астана»
5:04:34
+23:46.000
108
Андрей ЗЕЙЦ «Астана»
5:08:42
+27:54.000
Жалпы нәтиже:
р/с
велошабандоздар
уақыты
+/-
1
Виченцо НИБАЛИ «АСТАНА»
62:02:34
2
Кадел ЭВАНС «ВМС»
+1:26
+
3
Ригоберто УРАН «Скай»
+2:46
+
4
Мауро САНТАМБРОДЖО «Vini Fantini»
+2:47
+
5
Микел СКАРПОНИ «Lampre»
+3:53
+
Командалық көрсеткіш:
1
«СКАЙ»
185:45:06
2
«БЛАНКО»
+5:45
+
3
«Lampre»
+5:56
+
4
«МУВИСТАР»
+8:18
+
5
«АСТАНА»
+9:01
+
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: vesti.kz