"Ferrari" командасының жаңа болиді

"Ferrari" командасының жаңа болиді

Ақпанның бірінші күні "Ferrari" командасы Маранеллода өткен арнаулы салтанатты кеште жаңа көліктерін таныстырды.

Жаңа көлікке "F138" деген атау берілді. Аталған көліктің тұмсық тұсы мүлде басқа қалыпта шыққан. Кельндегі  "Toyota" аэродинамикалық орталығында жасалып шығарылған көлік өткен жылғы "F2012" машинасының заңды мұрагері саналып отыр. Бір айта кетерлігі, команда құрамы бірнеше өзгеріс енгізген. Және өткен жылғы кедергілерді жоққа шығару мақсатында біршама еңбектеніпті. Ең бастысы, бәсекелестердің жағдайын түпкілікті қиындатпақ.

Салтанатты кеште итальялық компанияның табысы мен қол жеткізген жетістіктері айтылды. Кеш соңында команданың басшысы Стефано Доменикали ортаға шығып, алдағы жылы "F138" көлігімен үлкен жетістіктер тілейтінін айтып, ішкі чемпионатта топ жару керектігін алға тартты.

сурет:realfacts.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига