Astana Arlans екінші финалда жеңіске жетті

Astana Arlans боксшылары «Украиналық атамандарды» екінші финалда ұтып кетті.

11 мамыр күні кеште Астана қаласында Әлемдік бокс сериясында (WSB) қазақстандық боксшылар командасы «Астана Арланс» (Astana Arlans) пен «Украиналық атамандар» (Ukraine Otamans) командасымен кездесті. Бұл кездесу «Ел Арна» телеарнасында тікелей эфирден берілді.

Негізгі бес жұдырықтасуда біздің команда 2:3 есебімен жеңілген еді. «Astana Arlans» құрамында Мирас Жақыпов (54 келі) пен Руслан Мырсатаев (91 келіден жоғары) жеңіске жетті. Қазақстандық команда атынан шыққан легионерлер ирландық Эрик Донован (61 келі), Константин Снигур (73 келіге дейін) және ирандық (85 келі) Эхсан Рузбахани жеңіліп қалды. Рузбаханиды қазақстандық жаттықтырушылар үшінші раундта-ақ нокдауннан соң орамал лақтырып, тоқтатты.

Қосымша, шешуші раундта қазақстандық Бағдат Әлімбеков (54 келі) украиналық Александр Рышканды ұтып, жалпы есепті теңестіре білді. Астаналық боксшылар екі күндік кездесу қорытындысы бойынша 6-5 есебімен жеңіп, WSB кубогын алды. Сонымен қатар, 500 мың еуро сыйақыға ие болды. Естеріңізге сала кетсек, командалар арасындағы бірінші кездесу 10 мамырда 3:2 есебімен, «Astana Arlans» құрамасының жеңісімен аяқталған болатын.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: Vesti.kz