Adidas Қытайдағы жалғыз фабрикасын жабады

Adidas Қытайдағы жалғыз фабрикасын жабады

Спорттық киімдер өндіруші Adidas компаниясы Қытайдағы жалғыз фабрикасын жабады, деп хабарлайды The Wall Street Journal.

160 адам еңбек ететін фабрика Сучжоу (Suzhou) қаласында орналасқан. Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған фабрика 2012 жылдың аяғында өз жұмысын толығымен тоқтатады.

Компания өкілдері, сонымен қатар, Adidas-тың Қытайда болашақта фабрикалар ашуға құлықты емес екендігін де айтты. Оның орнына компания Қытайда Adidas брендімен тауар шығарып жатқан партнерларымен жұмыс істейтін болады. Айта кетелік, мұндай келісім-шартпен қазіргі кезде 300-ге жуық компания жұмыс істеп жатыр.

Adidas - Қытай нарығына спорттық киімдерін енгізген алғашқы компания. Дегенмен Gap Inc, швециялық H & M Hennes & Mauritz AB секілді бәсекелестер пайда болғаннан кейін компанияның табысы күрт азайды.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: mygazeta.com