Вьетнам астанасы Ханой 2019 жылғы Азия ойындарын қабылдайды. Бұл туралы Азия Олимпиада кеңесінің жиналысында мәлім болды.
Азия Олимпиада қауымдастығының төрағасы Шейх Ахмад аль-Фахад аль-Сабахтың айтуынша, Вьетнам астанасы дауыс беру қорытындысы бойынша Индонезия астанасы Сурабайды артты қалдырғын. Сонымен қатар дауыс беру барысында Дубай қаласы тапсырыстарын қайта алған екен.
"2003 жылы Вьетнам Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің жазғы ойындарын қабылдаған болатын. Сондықтан да Азия Олимпиада қауымдастығы 2019 жылы өтетін Азия ойындарын Ханой қаласы ойдағыдай өткізеді деп сенемін," дейді Ахмад аль-Фахад аль-Сабах.
Айта кетейік, Азия ойындары 1951 жылдан бастап өтіп келеді. Келесі, яғни 2014 жылы Азия біріншілігі Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтетін болады.
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: sport.mail.ru