2019 жылғы Азия ойындарын Ханой қаласы қабылдайды

2019 жылғы Азия ойындарын Ханой қаласы қабылдайды

Вьетнам астанасы Ханой 2019 жылғы Азия ойындарын қабылдайды. Бұл туралы Азия Олимпиада кеңесінің жиналысында мәлім болды.  

Азия Олимпиада қауымдастығының төрағасы Шейх Ахмад аль-Фахад аль-Сабахтың айтуынша, Вьетнам астанасы дауыс беру қорытындысы бойынша Индонезия астанасы Сурабайды артты қалдырғын. Сонымен қатар дауыс беру барысында Дубай қаласы тапсырыстарын қайта алған екен.

"2003 жылы Вьетнам Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің жазғы ойындарын қабылдаған болатын. Сондықтан да Азия Олимпиада қауымдастығы 2019 жылы өтетін Азия ойындарын Ханой қаласы ойдағыдай өткізеді деп сенемін," дейді Ахмад аль-Фахад аль-Сабах.

Айта кетейік, Азия ойындары 1951 жылдан бастап өтіп келеді. Келесі, яғни 2014 жылы Азия біріншілігі Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтетін болады. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: sport.mail.ru

Ю. НИКУЛЛИН