ФИФА рейтингісінде Қазақстан құрамасы алға шықты

ФИФА рейтингісінде Қазақстан құрамасы Сирия мен Вьетнам құрамаларын артқа тастап, екі саты жоғарыға шықты.

Мирослав Беранек баптайтын біздің жігіттер енді рейтингтің 145-орнына барып табан тіреді. Бір ай бұрын ғана 147-орында тұрған қазақстандықтар ең бірінші кезекте Сирия мен Вьетнам құрамаларының қарсыластарына рақмет айтуы тиіс шығар. Себебі, аталған екі құрама да сүреңсіз ойынның арқасында төменгі орыннан бір-ақ шықты.

Рейтингтің жоғары бөлігінде аз-кем өзгешеліктер орын алып атыр. Айта кетсек, Англия құрамасы Уругвайды артқа тастап, үшінші орынға барып жайғасты. Ал Ресей құрамасы 11-орынға қол жеткізіп, бразилиялықтарды артта қалдырып кетті. Бүгінгі таңда гректерден бір саты жоғары тұрған «Оңтүстік Америкалық» жігіттер 13-орында.

Бірінші мен екінші орында Испания мен Германия құрамалары көш бастауда.

Сурет:vesti.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт