Қазақстандық "Астана" командасы Africa Eco Race-2013 раллиінен оралды. Олар мінген ұшақ Алматыға 12 күні таңертең келіп қонды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Естеріңізге салсақ, "Астана" құрамындағы MEBAR М440 көлігімен Қанат Шагиров пен Александр Морозов жарыстың жол талғамайтын көліктер бойынша Т2 классында чемпион атанған болатын. Жалпы көліктер арасындағы сында қазақстандықтар 11-ші және 18-ші орындарға тұрақтады.
Africa Eco Race-2013 көліктер сайысына қатысушылар 27 желтоқсанда Францияның Сен-Сиприен қаласынан жолға аттанып, Марокко, Мавритания және Сенегал елдерін басып өтіп, 11 кезеңнен соң 9 қаңтарда Дакарда мәреге жетті. Жарыс жеңімпазы болып, осымен бесінші мәрте француз Жан-Луи Шлессер атанды.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: tengrinews.kz