- Негізгі бет
- Мәдениет
- Зерттеуші қазақ және...
Зерттеуші қазақ және орыс тілдерінің шығу тегі бір екенін айтты
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Филология, Әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің қазақ филологисы кафедрасының «Таным» клубының ұйымдастыруымен музыкатанушы, сазгер, қоғам қайраткері, публицист Хасен Қожа-Ахметпен кездесу болды. Кездесу «Көне моңғол тілі болған ба?» тақырыбында болды.
Хасен Қожа-Ахмет кейінгі уақытта «Мәңгілік ел» тарихи пайымдау концепциясы бойынша жаңа тарихи көзқарас қалыптастырып, көне түркі тілі мен славян тілдерінің шығу тегінің бір екендігі жайында пікір білдіріп, ғылыми-танымдық жағынан дәлелдер ұсынып жүрген азамат.
Кездесу осы тақырыптар төңірегінде студенттердің таным көкжиегін кеңейту әрі студенттердің жаңа көзқарастағы тұлғалармен таныстыру мақсатында өткізілді. Кездесуге факультет профессорлары мен оқытушылар құрамы қатысты. Этимолог, тіл тарихын зерттеуші ғалымдар мен қоғамда қызу пікірталас тудырған «Ғасырларға жалғасқан жаңсақтық» кітабының авторы арасында өзара рухани үндестік сұқбаты болды.
Өз ұлтының тарихына байланысты тың әрі қызықты мәліметтер тыңдаған студенттердің де тарихи көзқарасты сыни пікірмен қабылдауды үйренді. Ұлттық тарих пен ұлттық тілдің тарихын өзара байланыстыра зерттеген көкжиегі кең тұлғаның жемісті еңбек етуіне шын жүректен тілектеспіз.
Жолдаған: Қымбат Слямбек
Ф. Абилова