Ғаламторда өз суреттерімен әйгілі болған суретші Виктор Нунес Сан-Паулуда тұрады. Ол ғаламторға азық-түлік пен үй шаруасында қолданатын заттардың көмегімен жасалған скетч, сурет пен инсталляцияларын салып, жариялайды.
Қыздар бұл нәрсені таныған болар. Расында да шашқа қатысы бар қыстырғыштар бұл суретке әдейі таңдалған секілді.
Қарапайым кеселердің көмегімен қызықты суреттер шықты.
Бұл топтаманың ең ерекше суреті болар. Құлыптардың әртүрлі бейнеге жарағанын байқаймыз.
Бұл сурет жайлы не ойлайсыз?
Гүл себеті, полиция қызметкері, пойыз, тіпті зеңбіректі де суреттеуге қаламның қалпағы көмекке келді.
Мұндайды ешкім күтпеген еді. Виктор шеберлігін, фантазиясын дәл осы сурет арқылы танытқан.
Суретшінің қиялына шек жоқ деген рас екен.
Дене шынықтыру сабағының мұғалімі пайдаланатын ысқырғыш та жарап қалды.
Кәмпит қабықтарын пайдаланып жасалған сурет топтамамызды аяқтайды.
Суретшінің жұмыстарына парейдолия (pareidolia) иллюзиясы негіз болды. Яғни жансыз заттарды жанды заттармен салыстыру.
«Мен 2013 жылы Facebook желісінде өз парақшамды тіркедім. Ал бұл суреттерді жай өзім үшін салған едім. Күнде бір нәрсе саламын, бұл мен үшін өзіндік терапия. Менде бәлендей материал жоқ, қарапайым үй шаруасына қажетті заттарды пайдаланым. Кофе, сүлгі, шүберек пен тағамды қолданып сурет саламын», - деді суреттердің автор Виктор Нунес.
Сурет: liveinternet.ru
Оқи отырыңыз:
Тағамнан жасалған суретті көрдіңіз бе?
Сиқыры бар суреттер топтамасы