Үш мемлекет Ұлыбританиямен әуебайланысын жандандыру шешімін қабылдады, олар осыған дейін коронавирустың жаңа штамына байланысты осы елмен әуебайланысын уақытша тоқтатқан еді, - деп хабарлайды kaz.tengritravel.kz. Осылайша, 2 қаңтардан бастап Латвия Ұлыбританиямен рейстерді жандандырды. Сондай-ақ сол күннен бері Норвегияда екі ел арасындағы шектеулерді алып тастайды, бірақ үкімет шекара асып келген барлық адамдар коронавирусқа тест тапсыруға міндеттеледі. Келесі аптада, 8 қаңтарда, Үндістан осы елге рейстерді ашады.
Қыркүйекте Ұлыбританияда алғаш рет коронавирустың қауіпті мутациясы анықталған еді, ол желтоқсанда белсенді тарай бастады. Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон жаңа штамның 70 пайызға жұқпалы болуы мүмкін екенін айтты. Қазіргі уақытта коронавирустың жаңа типі Ұлыбританиядан басқа кемінде 17 елден анықталған. 50-ден аса ел корольдікпен әуебайланысын тоқтатты.