YouGovаналитикалық компаниясы Ұлыбритания Корольдік отбасы мүшелерінің халық арасындағы танымылдығы бойынша рейтинг жасады. Халыққа жүргізілген сауалнама нәтижесіне сай, көпшілік Елизавета патшайымды емес, оның немересі Гарри ханзаданы ұнатады екен. Сассекс герцогы 77 % дауыс жинаған. Екінші болып патшайымның өзі тұр. Ол немересінен 3 %-ға артта қалған. Үшінші және төртінші орындарды ең сүйкімді жұп Уильям мен Кейт Миддлтон өзара бөліп алған. Алдыңғысы 73 %, кейінгісі 64 % дауыс жинаған. Бесінші сатыда патшайымның өмірлік жары Филипп ханзада (56 %) орналасқан. Бір қызығы, өткен Рождестводан бері бар әлем назарын өзіне аударған Меган Маркл 55 %-бен 6-шы орынды місе тұтты. Алғашқы ондықты Чарльз ханзада (48 %), Анна ханшайым (47 %), оның қызы Зара Филлипс (43 %) пен Камилла (29 %) қорытындылайды. Рейтингтің толық нұсқасымен танысамын десеңіз, мына сілтемеге өтіңіз. Ал, халықтың Гарри ханзадаға деген ықыласы мына видеодан-ақ байқалып тұр.