Тұрғын үй жалдауға бағытталған Airbnb қызметі тұтынушыларына Ұлы Қытай қорғанынан бөлме жалдап тұруға мүмкіндік береді. Бөлме терезелерінен тау мен орман көрінісін тамашалауға болады. Онда шағын жатын бөлме және асүй бар.Біз әлем жұртшылығын жақындастыратын жобаға атсалысқанымызды мақтан тұтамыз, - дейді Airbnb China өкілі Натан Блехарчик. Сонымен, Ұлы Қытай қорғанынан бөлме жалдау үшін 11 тамызға дейін жалғасатын бәйгеге қатысу керек екен. Шарт бойынша, қатысушы Неліктен дәл қазіргі уақыт мәдени шекараларды бұзатын кезең? -деген сұраққа жауап беру керек. Ұтымды жауап берген жеңімпаз қорғанда қыркүйек айының 4 мен 8 аралығында түней алады.