Оксфорд ағылшын тілі сөздігіне 350 жаңа сөз енгізілді. Олардың 100-ге жуығы кинематографқа және режиссерлердің өзіндік стильдеріне қатысты. Мысалы, Квентин Тарантино туындыларының айрықша атмосферасын жеткізу үшін tarantinoesque (тарантиниада) сөзін пайдалануға болады. Тізімде, сондай-ақ, Роберт Олтмен (altmanesque олтмениана), Стэнли Кубрик (kubrickian кубрикиана) пен Дэвид Линч (lynchian линчиана) шығармашылыға да ескерілген. Фильм типтеріне қатысты да жаңа сөздер бар, олар: j-horror (жапон қорқынышты фильмдері), mumblecore (мамблкор натурализмге баса назар салатын төмен бюджетті тәуелсіз кино), Nollywood (Нигерии киноиндустриясы). Оксфорд ағылшын тілі сөздігінің редакторы Крейг Лейландтың айтуынша, культті фильм кейіпкерінің сөздерін күнделікті тұрмыста қолдану жиі ұшырасатын болған. Оларды да тізімге енгізгенді жөн көріпті. Мысалы: Оз елінің сиқыршысы экранизацияланған кезде кейіпкерлердің бірі Канзаста емес екенім анық дейді, бұл бейтаныс ортаға тап болу мағынасын береді. Естеріңізге сала кетейік, былтыр Оксфорд журналы жылдың жаңа сөзі деп youthquake терминін таңдаған болатын. Ол жастар әсері мен ықпалынан орын алған мәдени, саяси және әлеуметтік өзгерістерге қатысты қолданылады.