- Негізгі бет
- Мәдениет
- «Сверхъестественное» сериалының жұлдызы...
«Сверхъестественное» сериалының жұлдызы 47 жасында қайтыс болды
Бүгін Deadline басылымы Никки Айкокс қайтыс болғанын хабарлайды. Актрисаның ең танымал рөлі – «Сверхъестественное» фантастикалық сериалындағы Мег Мастерс. Ол небәрі 47 жаста еді. Өлім себептері туралы хабарланбаған, бірақ 2020 жылдан бері оның лейкемиямен күресіп жатқаны белгілі.
Айкокстың қайтыс болғанын оның қайын сіңлісі Сьюзан Рааб әлеуметтік желідегі жазбасында растады. «Кеше менің әдемі, ақылды, рухты, талантты және сүйікті жеңгем Никки Айкокс қайтыс болды. Сол сәтте оның қасында менің ағам Мэтт Рааб болды. Никки мен Мэтт Калифорнияда бірге тамаша өмір сүрді. Ол сөзсіз күрескер болды және оны білетіндердің бәрі оны шексіз жақсы көретін», - деді ол.
2006-2008 жылдар аралығында аталған картинада ойнаудан басқа, Айкокс басқа да сенсациялық тележобалардағы қосалқы рөлдерімен есте қалды. Өмірден ерте кеткен актрисаның мансабында 50-ден астам рөл болды.
А. Оралқызы