- Негізгі бет
- Мәдениет
- Стив Джобстың мықтылығы...
Стив Джобстың мықтылығы неде?
Әлемгі әйгілі Applе бернд маркасын білмейтін адам кемде-кем шығар. Оның негізін қалаушы және жер бетіндегі ең бай адамдардың бірі ол – Стив Джобс.
Қарапайым отбасында дүниеге келген баланың ерекшелігі неде деп ойлайсыз? Тақыр жерге гүл өсіре білген жас жігітті жігерлендірген не?
Стив Джобс бала күнінен армандағанды жақсы көрді. Еркіндікті аңсады. Ол үшін оқудан гөрі бос уақытында еркін ауада тыныстаған, ойланған жақсы еді. Себебі жан дүниесі қалады. Оқып жүрген кезінің өзіне оның бір ерекшелігі жалаңаяқ жүруді әдетке айналдырған. Қай жерге болсын ұйықтай салу, отыра салу, жата салу оның әдеті. Бірақ жалаңаяқ жүру ол үшін ермек секілді.
Стив Джобстың өзі айтқандай ол өзі әлемінің дирижері. Яғни ол муызкант немесе аспапта ойнаушы шебер емес. Ол солардың басқара білетін дирижер. Дәл сол секілді Стив Джобс бүгінгі жетістікке жету үшін осы қабілетін пайдалана білді. Яғни оған табыс әкелетін топты құра білді. Ол қасына ең керемет деген дизайнерді, техниканың тілін жақсы білетін досын, инженер, маркетолог сынды адамдарды жинады. Олар арқылы алынбайтын қамалды алуға болатынын білді.
Стив Джобсты әлемге танытқан Apple компаниясы. Ал сол компанияның бренд болуы Стивтің қолынан шыққан өнім емес, оның адамдармен жұмыс істей алу ерекшелігі. Қазіргі тілмен айтқан кезде нейромаркетинг саласын жақсы меңгерген.
Адамдардың барлығы Apple өнімдерін құрастырған, оның ойлап тапқан Стив деп ойлайды. Тегінде олай емес. Себебі сол кездің өзінде IBM компьютерлері қолданыста болды. Тек олардың нарықтағы жаппай сатылу акциялары төмен еді. Ал Стив осы әлсіздікті пайдалана біліп, нарықты жаулау үшін идеямен жұмыс жасады. Стив үшін ең маңызды екі нәрсе бар: дизайн және маркетинг мәселесі. Ол өнімді өндіріп шығарудан бұрын, оның сыртқы және ішкі үлгісіне мән береді және оны жоғары деңгейде жарнамалай алады. Бұл екінің біріне берілетін қасиет емес.
Ең қызығы Стив Джобс ең алғашқы өнімін және компаниясын өз ақшасына құрған жоқ. Ол Майкл есімді инвестордың берген 90 мың доллары арқылы келген шексіз нөлдер табысы.
М. Ақан