- Негізгі бет
- Мәдениет
- Садақ атудан алғашқы...
Садақ атудан алғашқы фестиваль өтеді
«Көшпелі өркениет құндылықтары» Халықаралық қоғамдық қоры сіздерді 28 қазан күні сағат 13.30-да ұлттық «Алтын Мерген» атты садақ атудан Бірінші фестивальға қатысуға шақырады.
Бүкіл әлемде жаяу да, аттың үстінде де садақ ату өте танымал шара болып келеді. Еуропа, АҚШ, Түркия, Оңтүстік Корея, Қытай, Моңғолия, Жапония мен Оңтүстік Америка елдерінде садақ атудан көптеген үйірмелер мен клубтар бар. Алайда, біздің елімізде садақ ату ұлттық спортымен айналысатын үйірмелер жоқ.
Ұлттық садақтан ату адамның физикалық және рухани тұрғыда дамуына әсер етеді. Ұлтымыздың салт-дәстүрлерін, мәдени мұрасын сақтап қалу біздің басты міндетіміз.
«Алтын Мерген» фестивалінің бағдарламасын ұсынамыз:
13.30 – "Алтын Мерген» атты садақ ату спортының бірінші фестивалінің салтанатты ашылуы (ұлттық қолданбалы өнерінің көрмесі)
13.40-15.00 – Садақ ату басталуы
15.00-15.20 – Қатысушыларды медаль, диплом және мақтау қағаздарымен марапаттау
15.30 – Концерт, халық қыдыруы
Ұйымдастырушы: The Heritage of Nomadic Civilization Халықаралық Қоғамдық Қоры
Бас серіктестер: "Алдоңғар" Қоғамдық қоры, Спорт және туризм академиясы
Серіктестер: Türk Halkları Medeniyeti Vakfı - Qazaq Eli, "Кыдырғали би Қосымұлы Жалаири" Халықаралық Қоғамдық қоры, «Мерген» садақ ату клубы» Қоғамдық Бірлестігі мен Қазақстан Республикасының садақ, арбалет және дартс ату Федерациясы, Қазақ ұлттық музыкалық аспаптар музейі, «Я Атинец» қоғамдық қозғалысы.
Ақпараттық қолдау: Turk Alemi Televizyonu, «Түрік әлемі» Халықаралық газеті
Мекен-жайы: Алматы қ., Шевченко 110 к., «Хан Тәңірі» стадионы(ҚазАСТ стадионы) Тынышпаев атындағы ҚазАТК-ға қарама-қарсы.
Сурет: vk.com
Ф. Абилова