- Негізгі бет
- Мәдениет
- Рухани жаңғыру –...
Рухани жаңғыру – ұлтты сақтап қалудың жолы
Дәл қазір әлем жасанды санаға негізделіп барады. Яғни әлемдегі байлар мен ең ұлы ғалымдардың ойы барынша адам қимылынсыз жұмыс жасау күшін арттыру. Бұл тек бер жағы ғана. Ғалымдар адам миына жасанды сана орнату арқылы үлкен жетістіктерге жеткісі келеді. Роботтар арқылы әлемге жаңаша келбет алып келгілері келеді. Бұл ғасыр талабы, даму сатысы. Бірақ жан дүниені, рухани өмірді аңсайтындар да жоқ емес. Ол үшін не істемек керек?
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының басты мәні де осында. Мақаланы оқып отырып «рухани» және «сандық» деген екі сөзге аса мән беріңіз. Біз сандық Қазақстанды құру арқылы, яғни IT саласын меңгере отырып, жан дүниенің, түйсіктің керектігін ескереміз. Алдағы келе жатқан жаңа дәуірге төтеп беру үшін гуманитарлық бағыттағы салалардың санын көбейтіп, оларға жағдай жасап, жас ұрпақты компьютербасты жарты адам болып кетуден сақтаймыз. Бұл Нұрсұлтан Әбішұлының мақаласында атап көрсетілген мәселелер.
Кітап оқымайтын жастардың пайда болуы, әлеуметтік желі арқылы арзан дүниеге алданып уақытын тиімді пайдаланбайтын ұрпақтың өсіп келе жатқаны, әрине, ел ағаларын алаңдатады. Басты себеп дамып жатқан технологияның үздіксіз адам үшін оңай жағдай жасауы. Қазір ешкімнің ауыр дүние көтеріп, жауапкершілік арқалағысы келмейді. Сондықтан осының алдын алу үшін, рухани жаңғырудың, қайта өсудің маңызы зор.
Өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай заман ағынымен бірге көш басында жүру үшін, сол орында қалу үшін екі жақта сананы бірдей меңгеру керек. Жасанды және табиғи сананың ортасын тауып, үлкен жұмыстар жасауға болады. Ол үшін, әрине, бағдарламамалауды және кітап оқуды үйрену керек. Себебі олар бір-бірін толықтырушылар.
Айналып келгенде мақала үлкен өзгерістің, үлкен дауылдың алдындағы тыныштықтағы ескерту.
М. Ақан