- Негізгі бет
- Мәдениет
- Пулитцер премиясын алған...
Пулитцер премиясын алған рэпер киноға түсті
Биыл ғана есімі Пулитцер премиясын алған жалғыз рэпер ретінде тарихқа жазылған Кендрик Ламар "Билік" (Орысша нұсқасында "Түнгі қаладағы үстемдік" деп аударылған) аталатын сериалға актер ретінде шақырылды.
Әлеуметтік желілерге жүктелген үзіндіден Ламардың қайыршының рөлін ойнайтынын көреміз. Оның кейіпкері 50 Cent лақап атымен танымал Кертис Джексонға қолында барын сатып ақша алмақ болады. Қалғанын сериал шыққанда көретін боламыз.
Естеріңізге сала кетейік, Пулитцер марапаты музыканттың былтыр жарық көрген DAMN. аталатын альбомы үшін берілді. Бұл бұрын соңды болмаған оқиға еді.
Былтыр Нобель марапатын Боб Дилан алғаннан соң, музыканттарға әдеби сыйлықтың берілуі соншалық үлкен жаңалық болудан қалған сияқты. Десе де, әдетте жоғары марапатқа не джаз не классикалық саз бағытына жататын туындылар лайық деп танылып жататын. Рэптің де өнер ретінде ресми бағаланатын дәуірі келген секілді. Бұл дәуір Тупак Шакур өлгенде басталуға тиіс болатын.
Альбомға "заманауи афро-америкалық өмірдің бар қиындығын бір басына тоғыстырған және ритмдік динамизммен айрықшаланатын әндер жиынтығы" деген сипаттама берілген.
Ламардың DAMN. аталатын альбомы "Грэмми" премиясына үздік альбом ретінде ұсынылып "Үздік рэп-альбом" атағын жеңіп алды.
А. Оралқызы