Рэпер Кендрик Ламар музыка бағыты бойыншаПулитцерпремиясына лайық деп танылғанын хабарлаған едік. Енді оны Америка киноакадемиясы өз ұжымына қосылуға шақырды. Академиктер музыканттың Қара пантера фильміне жазған туындысын жоғары бағалады. Саундтрек орындалған кинокартина көптеген кино жүлделерге ие болып үлгерді. Естеріңізге сала кетейік ,әдебиет саласындағы аса беделді Пулитцер марапат музыканттың былтыр жарық көргенDAMN.аталатын альбомы үшін берілді. Бұл бұрын соңды болмаған оқиға. Былтыр Нобель марапатын Боб Дилан алғаннан соң, музыканттарға әдеби сыйлықтың берілуі соншалық үлкен жаңалық болудан қалған сияқты. Десе де, әдетте жоғары марапатқа не джаз, не классикалық саз бағытына жататын туындылар лайық деп танылып жататын. Рэптің де өнер ретінде ресми бағаланатын дәуірі келген секілді. Бұл дәуір Тупак Шакур өлгенде басталуға тиіс болатын. Альбомға заманауи афро-америкалық өмірдің бар қиындығын бір басына тоғыстырған және ритмдік динамизммен айрықшаланатын әндер жиынтығы деген сипаттама берілген. Естеріңізге сала кетейік, ЛамардыңDAMN.аталатын альбомы Грэмми премиясына үздік альбом ретінде ұсынылып Үздік рэп-альбом атағын жеңіп алды.