Павлодарлық жас суретшілер бүкілресейлік байқауда жеңіске жетті

Павлодарлық жас суретшілер бүкілресейлік байқауда жеңіске жетті
Фото: www.lipetsk.ru

Павлодар қаласы көркемсурет мектебінің жас суретшілері Ресейдің Липецк қаласында Балалар көркемсурет мектептері мен балалар өнер мектептеріне арналып ұйымдастырылған "Салт-дәстүр" X бүкілресейлік академиялық сурет және кескіндеме сайысына қатысты, деп хабарлайды облыстық білім беру басқармасы.

Мақсаты – академиялық сурет салу мектебінің дәстүрін сақтау, дарынды балаларды қолдау және ұстаздарды кәсіби тұрғыда өсуге және өз жұмысының тиімділік көрсеткіштерін арттыруға ынталандыру.

Байқауға Павлодар мектебінің 14 қатысушысы академиялық сурет және кескіндеме бойынша (жеміс-жидек, көкөніс, қырғауыл тұлыбы, скрипка, гүлдер, халық тұрмысының заттары бар натюрморттар сияқты) өз жұмыстарын ұсынды.

Сайыс қорытындысы бойынша 2 оқушы жеңімпаз атанды. ІІ дәрежелі дипломмен "Гармония" кескіндеме бойынша жұмысы үшін 14 жастағы Амина Сафарметова марапатталды. Оның жұмысы "гуашь" техникасында орындалды.

Графика техникасындағы "Композитор кеші" суреті үшін III дәрежелі дипломға 14 жастағы Виктория Правдивец иеленді. Жетекшілер Оксана Валерьевна Сидоренко, Елена Ивановна Дистель, мектеп педагогтары, жүлдегерлерді дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

Қ. Слямбек